Судьялар арасында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында аймақтық  оқу  орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинарға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Іс-шараны Қызылорда облыстық сотының судьясы, оқу орталығының үйлестірушісі Г.Таңатова ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.

Мұнан соң, Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Садуақасова «Сот шешімін орындаған кезінде сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау, сот орындаушысының қаулысын санкциялау» тақырыбында баяндама оқыды. Қалалық сот судьясы К.Садуақасова Азаматтық процесттік кодексінің 249 бабынан бастап 252 бабына дейін сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағым жасау, сот орындаушысының ұсынымдарын қарау көзделгенін айта келе, өз тәжірибесінде кездескен аталған санаттағы істердің қаралу барысына тоқталды.

Ал, Қызылорда қалалық сотының судьясы Д.Райқұлов «Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу, оңайлатылған іс жүргізу, талап қою ісін жүргізу» туралы айтып өтті.

«Банктік заем шарты бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы» Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы С.Умарсирикова баяндады.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Г.Искакова «Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбы аясында баяндама оқыды. Ол  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 27 тарауында басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға көзделген жазаларды атап көрсетті.

Бүгінде осындай семинарларды өткізу маңыздылығы талқылауға ұсынылған тақырыптарды терең түсініп, оларды жан-жақты талқылауға септігін тигізіп келеді.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсынымдар келтірді.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі