Сырдария аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекеттік органдардың алдындағы басым бағытты мақсат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

15 наурыз 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекеттік органдардың алдындағы басым бағытты мақсат»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық сот төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, аудан прокурорының көмекшісі Н.Танбаев, қорғаушы Қ.Жаппасбаева, Сырдария аудандық Халық Банкінің бөлімшесінің өкілі А.Темирова, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Б.Құлмақов және аудандық сотының баспасөз хатшысы  М.Асан қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілді дамыту, еліміздің сот жүйесі саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы талқыланды.

Сот төрағасы А.Абдулла мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып  табылатынын айтып өтті.

Қазақстан Республикасында барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына қолайлы орта мен жағдай жасалып, жақсы жолға қойылған.

Мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатырған әр азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі. Еліміз егемен мемлекет атанған уақыттан бастап қазақ тілін дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп келеді. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ халқының тіл білімі және ғылымы саласында көптеген еңбектер жасалып, сол еңбектер қазірдің өзінде халықтың игілігіне пайдаланылуда.

Шараға қатысушылар аталған тақырып бойынша өзге де мәселелерді өзара талқылады.

Сот төрағасы әрбір азамат мемлекетіміздің алға қойып отырған мемлекеттік тілге қатысты тапсырмасын мүлтіксіз іске асыруға тиіс екенін айтып, дөңгелек үстелді қорытындылады.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі