Архив событий

10/03/2015

Сырдария аудандық сотында жедел кеңес өткізілді

10/03/2015

            2015 жылғы 04 наурыз күні Сырдария аудандық сотында  Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуларымен жедел кеңес өткізді.

Тыл ардагері 95 жастағы Шырынкүл Қазанбаеваны сот ұжымы мерекесімен құттықтап қайтты

10/03/2015

 «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Президенттің Қазақстан халқына жолдауында Жаңа экономикалық саясат аясындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру міндеті қойылған болатын.

Жолдаудың басымдықтарын іске асыруда әйелдердің белсенді қатысуы, қазіргі заманғы ғаламдық сын-тегеуріндер жағдайындағы елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын одан әрі жақсартуға олардың қосар үлесі, әйелдердің бастамаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру, еңбек адамы ретінде қазіргі заманғы қазақстандық әйелдің мәртебесін, дәулетті Қазақстандағы оның жаңа рөлін нығайту болуға тиіс.

Қармақшы аудандық сотында мерекелік жиын өтті

10/03/2015

8 наурыз Халық аралық әйелдер куні қарсаңында аудандық сот төрағасы Қ.Абдуллаев ұжым арасындағы әйелдер қауымын құттықтап өтті.

 

2015 жылы 06 наурызда Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев мекемеде мерекелек жиын өткізіп, 8 наурыз халық аралық әйелдер мерекесімен, аудандық сот ұжымы арасында жұмыс атқарып жүрген әйелдер қауымын құттықтап бақыт, денсаулық, жұмыста абырой тілеп, сыйлықтар табыстады. 

Байқоңыр қалалық сотының төрағасы сот судьялары мен кеңсе қызметкерлерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

10/03/2015

Байқоңыр қалалық сотының төрағасы М.Тұрғанбаев «8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен» қалалық сот судьялары мен сот қызметкерлерін құттықтап, әйелдер қауымына атаулы мерекелеріне орай тілегін білдіріп, гүл шоқтарын ұсынып, мерекелік сыйлықтарын табыс етті.

Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

10/03/2015

Қазалы аудандық сотында құқық бұзушы П.-ның ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Құқық бұзушы Шымкент-Самара трассасының бойында мас күйінде көлік басқарып ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы П. аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы аясында брифинг өткізілді

10/03/2015

Бүгін, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.Сарсенов «Мемлекеттік сатып алу заңнамасы» тақырыбында брифинг өткізді. Брифинг осы соттың мәжіліс залында, шағын және орта кәсіп өкілдері мен заңгерлер одағының заңгері М.Әбеннің және жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен өтті.

Брифингте судья М.Сарсенов қатысушыларға «Мемлекеттік сатып алу заңнамасының» қағидалары мен негізгі талаптарын түсіндірді.

Ұжымдағы нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады

10/03/2015

2015 жылдың 6 наурызы күні Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жігіттер қауымы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен осы ұжымның нәзік жандарын құттықтады.

Соттың төрағасы А.Дәуренбеков 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отыра, зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеп, ізгі тілектерін білдірді.

Ісшарада судьялар мен қызметкерлер осы соттың әйелдері мен қыз-келіншектеріне ыстық тілектерін білдіріп, ал судья Н.Еламанов ән шырқап берді. Барлық қыз-келіншектерге  гүлдер мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Халықарылық 8 наурыз мерекесі қарсаңында Жаңақақорған аудандық сотында салтанатты жиын өтті

10/03/2015

Халықарылық 8 наурыз мерекесі қарсаңында Жаңақақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов ұжымымен бірге қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне абырой, табыс, жанұяларына бақыт-шаттық тілеп, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтарын тарту етті. Сонымен қатар, мереке қарсаңында сотқа келген қыз-келіншектер де ескерусіз қалмай, гүл шоқтары табыс етілді. Осыған орай, келуші қыз келіншектер тарапынан сот қызметкерлеріне өздерінің рахметтерін айтып, ырзалықтарын білдірді.

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

10/03/2015

       Қазалы аудандық сотымен  азамат Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол көлік құралын жүргізуге құқығының болмауына қарамастан мас күйде, Әйтеке би кенті, Счастнов көшесі бойында автокөлікті басқарған, яғни Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

        Қазақстанр Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігінің санкциясына  сәйкес  құқық бұзушы Р.-ға  20 тәулік әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Көктемнің алғашқы мерекесі

10/03/2015

          Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 –наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Сырдария аудандық сотында салтанатты жиын өтті.

            Шара барысында аудандық соттың төрағасы А.Абдулла ұжымдағы әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, отбастарына бірлік-береке, қызметте өрлеу, баянды бақыт пен әсемдік тіледі.