Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында құқық бұзушы П.-ның ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Құқық бұзушы Шымкент-Самара трассасының бойында мас күйінде көлік басқарып ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы П. аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі