Архив событий

18/03/2015

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек стол өтті

18/03/2015

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосановтың ұйымдастыруымен аудандық сотта өткен аптада «Заңды маңызы бар фактілерді анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған аудандық соттың судьялары, аудандық заң консультациясының адвокаттары, аудандық нотариустер, аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының маманы мен аудандық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары қатысты.

Жас судьялар біліктілігін арттырып, тәжірибелік көмек алу мақсатында рефераттарын қорғады

18/03/2015

2015 жылдың 14 наурызында Қызылорда облыстық сотының  мәжіліс  залында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаевтың және облыстық соттың судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Г.Дүйсенбаевтың  және жаңадан тағайындалған жас судьялардың қатысуымен жиын өтті.

Талап қою мерзімінің өтуі талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруға негіз болды

18/03/2015

Жаңақорған аудандық сотымен талап қоюшы «Дебиторлармен жұмыс бюросы» ЖШС-нің жауапкер Б.Т. 809 501 теңге несие қарызын және 24 285 теңге мемлекеттік баж шығынын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта жауапкер өкілі А.Е. талапты мойындамай, «Альянс Банк» АҚ-мымен талап қоюшы «Дебиторлармен жұмыс бюросы» ЖШС-нің арасында 29 шілде 2011 жылы факторинг шарты жасалғанын, осыған орай, талап қою мерзімі өткенін, сонымен қатар, талап қоюшы талап арызын 31 желтоқсан 2014 жылы бергенін көрсетіп, талап қою мерзімінің өтуіне байланысты талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Қару қолданып бұзақылық жасағаны үшін 3 жыл бас бостандығынан айырылды

18/03/2015

Өткен жылы қараша айының 29 күні Қызылорда қаласының орталығында орналасқан мейрамхананың бірінші қабатында сотталушы Р.-ға қатысты жәбірленушілер Ж, Ш, К.-лардың жасаған күш көрсету іс-әрекеттерін естігеннен кейін өзінің таныстары 9 азаматпен бірге мейрамхананың бірінші қабатына түсіп, қоғамдық тәртіпті құрметтемей, азаматтарға күш қолданумен, бөтеннің мүлкін жоюмен және бүлдірумен ұштасқан аса қатігездікпен бұзып, адамдар тобы болып, жәбірленушілер Ж, Ш, К,  Қ, Е-ны күш қолданып ұрып-соққан.

Қызылорда қаласының №2 сотында семинар сабағы өтті

18/03/2015

2015 жылдың наурыз айының 17 күні Қызылорда қаласы № 2 сотында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Қызылорда қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушысы және сот мамандары қатысты.

«Қазақ тілім тірегім» тақырыбында өткен семинарда тақырып аясында баяндамалар оқылып, олар бойынша туындаған сұрақтарын ортаға салып, қатысушылар өзара пікір бөлісті.

Қылмыстық іс өндірістен қысқартылды

18/03/2015

Кәмелетке толмаған Ш. 2015 жылдың қаңтар айында Арал ауданы, Сексеуіл кентінің тұрғыны, 01.09.1992 жылы туылған Ж., Енсепов көшесінің бойында орналасқан азық-түлік дүкенінен өзіне керек жарақ заттар сатып алуға барған кезінде, осы аталған дүкен жанында өзіне сырттай таныс Сексеуіл кентінің тұрғыны Ш. танысайық деп тиісіп оң қолының жұдырығымен Ж.-ның  оң жақ бетінен ұрған.

Сөйтіп кәмелетке толмаған Ш. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293 бабының 1 бөлігінде  көрсетілген қылмыстық іс әрекеттерін, яғни бұзақылық жасаған.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл төледі

18/03/2015

Құқық бұзушы В. Шиелі кенті, РУ-6 елді мекені, ГРП-23 үйінің алдында арақ ішкен мас күйінде, қоғамдық орында азаматша М.-ны балағат сөздер атып, ар намысына тиіп, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. 

      Шиелі аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы В. ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 19820 тенге айыппұл салынды.  

Сот шешімін орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылды

18/03/2015

13 наурыз 2015 жылғы Жаңақорған аудандық сотының қаулысымен Жаңақорған ауданы, Кожакент ауылының тұрғыны Б.И. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен ( сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 19 820 теңге айыппұл салынған.

Істі қарау барысында анықталғандай, Жаңақорған аудандық сотының 26 қараша 2013 жылғы қаулысымен 40 306 теңге айыппұл мемлекет пайдасына өндірілген. Алайда, сот орындаушының бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан Б.И. сот шешімін орындамаған.

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

18/03/2015

Шиелі аудандық сотында құқық бұзушы азаматша М.-ның ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

      Құқық бұзушы Шиелі кенті, Жахаев көшесінің бойында мас күйінде көлік басқарып ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.

     Соттың қаулысымен құқық бұзушы М. аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.