Архив событий

19/03/2015

Арал аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

19/03/2015

16 наурыз 2015 жылы Арал аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша хаттамаларды және істің басқа да материалдарын әзірлеудің негізгі тұстарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Шараға сот төрағасы Е.Тұрбаев, судьялар Д.Кентбаев, Д.Мұратбекұлы, Н.Бекетаев, аудандық соттың кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. 

«Ішкі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/03/2015

2015 жылдың 17 наурызында Сырдария аудандық сотында «Ішкі қауіпсіздік шаралары» тақыбырында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты, аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін  үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов, аудан прокурорының көмекшісі Е.Алтынбай, кеңсе меңгеруші Д.Байдушев, бас маман Б.Бисенбай және Қызылорда облысы бойынша МКҚБ-нің полиция қызметкері А.Жансейтов қатысты.

Тергеу судьясы санкция берді

19/03/2015

Қызылорда қалалық № 2 сотының тергеу судьясы С.Абдиканов алаяқтық қылмысына сезікті Б.-ның «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялау туралы Қызылорда ҚІІБ-ның тергеушісінің өтнішін қарады.

         Сотпен анықталғандай, сезікті Б. қылмыстық қудалау органымен қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін сезік келтірілген, дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1 тармағымен (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық қылмысы) сезікті деп танылған.

Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

19/03/2015

Қармақшы аудандық сотының 11 наурыз 2015 жылғы қаулысымен құқық бұзушы Қ.С ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қ.С  кінәсі оның өзінің мойындауымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, медициналық сараптама қорытындысымен және жол полиция қызметкерінің баяндамасымен толықтай дәлелденді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Масаң күйде автокөлік басқарғаны үшін сотталды

19/03/2015

Жаңақорған аудандық сотымен автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін сот үкімі шығарылды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат С., көлік жүргізу құқығынан айырылғанын біле тұра, 2015 жылдың қаңтар айында түн мезгілде автокөлікті алкогольден масаң күйде басқарған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, оның алкогольден жеңіл дәрежеде мас екені анықталған.

Сотпен С.  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 59 460 теңге айыппұл салынған. Одан бөлек, ол 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. 

Тіркеусіз кәсіпкерлек қызметпен айналысқан

19/03/2015

Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша 18.02.2015 ж. А. арнайы рұқсат, лицензия мiндеттi болғанына қарамастан, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей және алкоголь өнімін сатуға лицензия алмай, өзінің үйінен әр шынысының құны 250 теңгеден «Посольская» алкоголь өнімдерін ауыл тұрғындарына заңсыз сатып, негізсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Сөйтіп, А. ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

19/03/2015

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы С.Т-қа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  құқық бұзушы С.Т-ң кәмелетке толмаған баласы Ж.С. 05 ақпан 2015 жылы сағат 01:00 шамасында түнгі уақытта Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылының орталық көшесінде заңды өкілінің ертіп жүруінсіз үй жайдан тыс жерде болған.

Сотта құқық бұзушы С.Т кінәсін толық мойындап, өкініп, кешірім сұрап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Маскүнемдікке салыну – қоғамға қауіпті құбылыс

19/03/2015

Көптеген құқық бұзушылықтар арақ ішкеннен кейін мастықтың әсерінен жасалып жататыны рас. Елімізде маскүнемдіктің алдын алу, оған жол бермеу мақсатында тиісті заң нормаларындағы жауапкершіліктер қатаңдатылғанымен оған да қарамастан салынып арақ ішіп маскүнемдік жолға түсушілер қатары азаяр емес.

Көлік құралын басқару құқығынан айрылды

19/03/2015

Азамат  П. 04.03.2015 жылы Шиелі кенті, Жүргенов көшесінің бойында өзінің автокөлігін арақ ішкен мас күйінде жүргізген, яғни ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

       11 наурыз 2015 жылғы Шиелі аудандық сотының қаулысымен П. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.        

Темекі қалдығын тастағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

19/03/2015

     Құқық бұзушы Т. темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетті жасау арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

     Сотта құқық бұзушы Т. өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс-әрекеті үшін өкінетінін айтты.

     Шиелі аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 19 820 теңге  айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.