Архив событий

20/03/2015

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

20/03/2015

Бүгін, 20 наурыз 2015 жылы Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық сот судьялары мен сот мамандарының қатысуымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізді.

Жиында Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов барлық қатысушыларды Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Алғысқа толы алғыс хат

20/03/2015

Сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін бірден-бір жауапты тұлға – судья.

         Қызылорда облыстық соты поштасына қала тұрғыны Н.А.Марченкодан сот ұжымында қызмет атқарып жүрген судьяларға алғыс хат келіп түсті.

Сот төрағасы Н.М.Қайырбеков, отставкадағы судья З.Жаңбыршаева, облыстық сот судьялары Н.Бесбаева, Ж.Оспанова, Қызылорда қалалық сотының судьялары А.Есдаулетов пен С.Жаппасбаевтарға хат иесі жүрек жарды ризашылығын білдірген.

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

20/03/2015

     Бүгін, Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 125-бабы 2-бөлігінің «а,ж» тармақтарымен (адамды ұрлау) сотталғандар Е. мен И.-ге қатысты іс бойынша шығарылған үкімге қатысты БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Қылмыспен келтірілген залал азаматтық талаппен өндірілді

20/03/2015

        Шиелі аудандық сотында жуырда талап қоюшы Б.Ә-нің жауапкер  Э.С-дан қылмыспен келтірілген материалдық залалды өндіруді сұраған талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 917-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. 

Аудандық сотта Наурыз мерекесі аталып өтті

20/03/2015

«Наурыз» мерекесі қарсаңында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов сот ұжымына мықты денсаулық, ашық аспанмен ұзақ өмір тілеп, мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Жаңақорған аудандық соты ұжымы барлық Қазақстандықтарды көктем мерекесімен құттықтады. 

Қылмыстық іс тараптардың бітісуімен қысқартылды

20/03/2015

     Шиелі аудандық сотында жуырда алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Қылмыстық істің құжаттарымен анықталғаны сотталушы Қ.Э.Д.  өзінің таныстары  Қ.Қ. мен Қ.Г. балаларын Байкенже елді мекенінде орналасқан «Байкен U»ЖШС-не жұмысқа орналастырып беремін деп, бөтен мүлікті жымқыру мақсатында алдап, сенімді теріс пайдалану жолымен, олардың әрқайсысынан 200 000 теңгелерін алдау арқылы алып, бөтен мүлікті иемденіп ақшаларын жымқырған. Өзінің қылмыстық әрекетімен сотталушы жәбірленуші Қ.Қ-ға  200 000 тенге, жәбірленуші Г.Қ-ға 200 000 теңге мүліктік зиян келтірген.

Сот шешімімен жауапкерден қарыз сома өндірілді

20/03/2015

        Қызылорда облысы  Шиелі аудандық  сотында банк заем шарты бойынша қарыз сомасын  және мемлекеттік баж өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

        Сотпен  талапкер «А. Б» АҚ-ы  мен жауапкер Н. арасында  92 000 тенге банк  несие қарызын беру келісім шарты жасалғаны анықталды.

     Алайда жауапкер Н. банкіден алған несие қарызын уақытысында қайтармаған, сондықтан талапкер сотқа талап арызбен жүгінген.

    Сот шешіммен талапкердің қарыз сомасын және мемлекеттік бажды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды.

 

Қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапкершгілікке тартылды

20/03/2015

Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы  Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, 2015 жылы 2 наурызда құқық бұзушы Е. белгіленбеген орынға коммунальдық қалдықтарды төгіп  айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп қасақана  ұсақ бұзақылық жасаған. 

        Соттың қаулысымен құқық бұзушы Е., ҚР ӘҚБтК-нің 434- бабы 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, оған он айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде 19 820  теңге айыппұл салынды. 

Баласының тәрбиесімен тиісті түрде айналыспаған ана сот алдында жауап берді

20/03/2015

 Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында ҚК-нің 140 бабы 1 бөлігімен Арал аудандық прокуратурасынан  М.-ға қатысты  қылмыстық іс түсіп, қаралды.