Архив событий

06/03/2015

Ардақты əжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!

06/03/2015

Сіздерді ару көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз - халықаралық əйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Осынау жарқын мереке біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.

Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Əйел тек отбасының береке-бірлігінің ұйытқысы ғана емес, ол мемлекеттік істерге, саяси мəселелерге белсене араласатын тұлға.

Құрметті аналар, әпке-қарындастар!

06/03/2015

Сіздерді шұғылалы көктемнің жарқын мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтаймын.

Әйел – өмірдің бастауы, нәзіктіктің символы, тіршіліктің тұтқасы. Қазіргі қоғамда әйел – тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, еліміздің өсіп-өркендеуіне, қарыштап дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан іскер де, білімді жан.

Сот ұжымы сот саласының ардагері Ғ.Ш.Шыңғысованы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

06/03/2015

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы сот саласының ардагері Ғ.Ш.Шыңғысованы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мереке күнінде сот ардагері Ғ.Шыңғысованың үйіне барған судья Қ.Бержанов сот ардагерінің еңбек жолындағы естеліктермен танысты.  

Судья Қ.Бержанов сот ардагер Ғ.Ш.Шыңғысоваға гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар тапсырып, зор денсаулық пен отбасына бақыт-береке тіледі. 

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімішлік жауаптылыққа тартылды

06/03/2015

Азамат С.С.Е. Шиелі кенті, Бижанов көшесінің бойында өзінің үйінен шыққан коммуналдық қалдықтарын белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық  жасаған.

     Сотта құқық бұзушы С.С.Е. кінәсін толық мойындап, хаттамада көрсетілген тұжырымдармен келісті.

      Соттың қаулысымен С.Е. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 19820 теңге айыппұл салынды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Сот төрағасы ұжымды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

06/03/2015

Жалағаш аудандық сотының ерлер қауымы ұжымдағы қыз келіншектерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Аудандық сот төрағасы Артур Наримов: "Құрметті кыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін!- деді өз сөзінде.

 Салтанатты жиын соңында ұжымдағы нәзік жандыларға мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. 

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 8 наурыз мерекесіне орай салтанатты жиналыс өтті

06/03/2015

Кеше, 05.03.2015 жылы Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 8 наурыз – Халықаралық  әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиналыс өтті. Аталмыш шараға Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы  М.Ибрашев, сот судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Сот ісін жүргізуде заманауи технологияларды қолдану, сот ақпаратына қолжетімділік

06/03/2015

Өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазпошта» АҚ» Қызылорда облысының соттарында «Гибридтік электрондық почта» пилоттық жобасын ендірген болатын.

Гибридтік почта – бұл электрондық құралды пайдалану арқылы алушыға жеткізілетін қағаз почта.

Мерекелік құттықтау

06/03/2015

6 наурыз 2015 жылы мереке қарсаңында,  Арал аудандық сотының ерлер ұжымы ұжымдағы әйелдер қауымын көктемнің айтулы мерекесі 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

«Сот кабинеті» сервисін құқықтық насихаттау мақсатында брифинг өткізілді

06/03/2015

 Жуырда Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Әбілқайысқызы «Сот кабинеті» жөнінде брифинг өткізді.

 Аталған іс-шараға  жергілікті БАҚ өкілдері мен шағын және орта кәсіп өкілдері қатысты.

 Судья А.Әбілқайысқызы  брифингте қатысушыларға  «Сот кабинеті» арқылы жұмыс орнында не үйде отырып, осы сервис арқылы сотқа  талап арыз, аппеляциялық, жеке шағымдар, кассациялық шағым, өтінішхаттар, арыздар және іске қатысты т.б. құжаттарды  электронды түрде бере алатынын айтып, тиімділігі мен қолайлылығын түсіндірді.

Сырдария аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

06/03/2015

            Сот жүйесінің барынша ашық әрі қолжетімді болдыру қағидасын іске асыру мақсатында Сырдария аудандық сотында ағымдағы жылдың 4   наурызы күні «Ашық есік күні» өткізілді. Шараға Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев қатысты.

             «Ашық есік күні» іс-шарасына өз сауалымен келген Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Е.Есенкелді, әкесінің еңбек өтілі жөнінде сұрағын қойды. Сұраққа заң шеңберінде жауап берілді.

Сот ұжымы ұжымдағы қыз-келіншектерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

06/03/2015

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ерлер қауымы ұжымдағы қыз келіншектерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Сот төрағасы А.Әбу, судья Қ.Бержанов қыздарға гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар тапсырып, зор денсаулық пен отбасына бақыт-береке, қызметте абырой тіледі. 

Жауапкерден қарыз сомасын өндіру жөнінде сот шешімі шықты

06/03/2015

Қызылорда облысы  Шиелі аудандық  сотында банк заем шарты бойынша қарыз сомасын  және мемлекеттік баж өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

        Сотпен  талапкер «Борышкерлермен жұмыс жасау бюросы» ЖШС-нің талап арызы бойынша  «Альянс Банк» АҚ-ы  мен жауапкер С.Т. арасында  84 000 тенге банк  несие қарызын беру келісім шарты жасалғаны анықталды.

     Алайда жауапкер Т. банкіден алған несие қарызын уақытысында қайтармаған, сондықтан талапкер сотқа талап арызбен жүгінген.

Алимент мөлшерін азайту туралы азаматтық ісі қаралды

06/03/2015

Жаңақорған аудандық сотында алимент мөлшерін төмендету туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Ж. сотқа берген арызында өзінің жалақысынан жауапкер С.-ның пайдасына 58 пайыз алимент төлеп келе жатқанын көрсетіп, оны кемітуді сұраған.  

Сотта анықталған мән-жайларға және талап қоюшының, жауапкердің материалдық жағдайына баға бере келе, Жаңақорған аудандық сотының шешімімен талап арыз қанағатандырылды.

            Шешім заңды күшіне енбеген.