Архив событий

26/03/2015

Жасөспірімдер заңды білсе, жаза баспас

26/03/2015

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айының 16-18 күндері аралығында облыс көлемінде «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты акция өткізілді.

Арал ауданында аталған акцияға сот, прокуратура, ішкі істер бөлімі, білім беру, қорғаныс істер қызметкерлері қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

«Құрмет грамотасымен» марапатталды

26/03/2015

22 Наурыз мейрамы қарсаңында Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Тұңғышбаев Исағали Өмірзақұлы  «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қылмыстық іс медиация заңымен қысқартылды

26/03/2015

Жаңақорған аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Істің құжаттарына қарағанда, 08 ақпан 2015 жылы Н. есімді азаматша Жаңақорған ауданы, Кейден ауылы, Абай  көшесі номерсіз тұрғын үйден киімдер ұрлаған.

Сотта сотталушының адвокатынан медиация заңымен жәбірленушімен татуласып, келтірген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш түсті.

Жалағаш аудандық сотында брифинг өткізілді

26/03/2015

         Өткен жұмада Жалағаш аудандық сотының судьясы Т.Қ.Темірбаевтың, аудандық  прокурорының көмекшісі Ж.Еркіновтың, Жалағаш аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Б.Қожамұратовтың, жергілікті БАҚ-ы өкілі  С.Бертаевтың қатысуымен аудандық сот ғимаратында «Азаматтық және Әкімшілік істер бойынша мемлекет пайдасына өндірілген сомаларды өндіру жағдайы» тақырыбында брифинг өтті.

Ежелгі заңдардан бастау алған жаңа Кодекстердің талаптары түсіндірілді

26/03/2015

2015 жылдың 18-ші наурызы күні Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің № 172 орта мектебінің 6-9 сынып оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында «Жаңадан қабылданған Қылмыстық, Қылмыстық Процесстік және Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстерінің әлеуеті» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оған Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судья Қ.Бержанов және сот приставы А.Исахаева қатысты.

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды

26/03/2015

Шиелі аудандық сотының тергеу  судьясының қаулысымен Шиелі АІІБ-ның тергеушісінің, аудандық сотқа Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған деп күдіктелген С.Д.-қа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш хаты қанағаттандырылды.

Әкімшілік айыппұл салынды

26/03/2015

Шиелі аудандық сотының 17.03.2015 жылғы қаулысымен құқық бұзушы  Р.-ға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен  10  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 19 820  теңге айыппұл салынды.

Азаматша Р. Шиелі ауданы,  Жақаев ауылында азаматша М.-ның ар-намысына тиетін балағатты сөздер айтып, оны қорлап, айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, төңірегіндегілерге  сыйламаушылық білдіріп құқық бұзған әрекеті үшін жауаптылыққа тартылды.

Заңды маңызы бар фактіні анықтау жөнінде азаматтық іс қаралды

26/03/2015

Арызданушы Ш.У. заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы бойынша Қазалы аудандық сотымен шешім қабылданды.

Арызданушы Ш.У. өз арызында 19 желтоқсан 2014 жылы Әйтеке би кенті, Тыныбаев көшесі №64 үйде күйеуі У.Ж. өзіне қол жұмсап, асылып қайтыс болғанын көрсеткен.

Мұсылмандыққа және салт-дәстүрге сай, қайтыс болған күйеуінің мүрдесін сот медициналық сараптамасына бермей, апарып жерлеген. Ал Қазалы аудандық Әділет басқармасы қайтыс болу туралы куәлігін беруден бас тартқан. Сотпен У.Ж. қайтыс болғандығы жөнінде фактісі анықталған.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

Алимент өндіру жайлы сот бұйрығы шықты

26/03/2015

      Арызданушы Ж.А. Шиелі аудандық сотына түсірген арызында борышкер Е. екеуі 2009 жылы заңды некеге тіркелгендерін, осы некеден араларында екі баласы бар екенін көрсеткен.

     Борышкердің бүгінгі таңда бөлек тұрып жатқанын және оның өз еркімен балаларын асыраудан бас тартып отырғандығын көрсетіп, арызданушы соттан балаларын асырау үшін борышкерден алимент өндіріп беруді сұранған.

Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін жауаптылыққа тартылды

26/03/2015

    Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен К.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

    Азамат К.А., Шиелі кенті, Қабанбай Батыр көшесінің бойында өзінің үйінен шыққан коммуналдық қалдықтарын көше бойынша тастаған.

    К.А.-ның кінәсі оның өзінің мойындап берген жауаптарымен қатар, іске тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктемелермен және басқа да құжаттармен толықтай дәлелденді.