Архив событий

12/03/2015

Дөңгелек үстел өтті

12/03/2015

        Өткен аптада Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Садуақасова Қызылорда облысының Әділет департаментінде өткен дөңгелек үстөлге қатысты.

        Дөңгелек үстелге қатысушылар  «сот орындаушылардың сот актісін орындау бағытында туындайтын қиыншылықтарды жою және алдын-алу» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Қызылорда қалалық сотының судьясы «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде

12/03/2015

Қызылорда қалалық сотының судьясы Ж.Дербісалиева «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, бағдарлама тақырыбы «сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер» бойынша  өткен жұмада сұхбат берді.

        Бағдарламада ҚР АІЖК-не енген жаңа өзгерістер, сот жүйесіндегі жаңа сервис «Сот кабинеті», алғаш рет тағайындалған судьялардың біліктілігін арттыруда жасалып жатқан іс-шаралар бойынша әңгіме өрбіді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

12/03/2015

Құқық бұзушы Е.Б. Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі мен А.Иманов көшесінің қиылысында орналасқан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның филиалы ғимаратының алдында, яғни қоғамдық орында темекі шегіп, шеккен темекісінің қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап,  осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Е.Б. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Кәмелетке толмаған сотталушы суық қаруды заңсыз жасағаны үшін жауаптылыққа тартылды

12/03/2015

 Кәмелетке толмаған Т. Төретам кентінде өз үйінің ауласында болып суық қаруды заңсыз жасау мақсатында, үйдің ауласында жатырған күрекке арналған ағаш сабты алып, қызыл түсті изолентамен орап, аулада жатырған тастармен басына 30 дана шуруптарды бекітіп, соғып-сындыратын суық қаруды заңсыз жасаған.

Сөйтіп, кәмелетке толмаған сотталушы Т. суық қаруды заңсыз жасап, ҚР ҚК-нің 288 бабаның 4 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Баласының тәрбиесімен айналыспаған ана сот алдында жауап берді

12/03/2015

 Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында ҚК-нің 140 бабы 1 бөлігімен Арал аудандық прокуратурасынан  М.-ға қатысты  қылмыстық іс түсіп, қаралды.

Жол-көлік оқиғасы нәтежесінде денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

12/03/2015

Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен Ш. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік істің мәні бойынша, Ш., Самара-Шымкент тас жолында, маркасы «Ауди 100» автокөлігін жүргізу кезінде рульдік басқару жүйесіне ие бола алмай маркасы «МАЗ» 54331 көлік құралымен соқтығысқа әкеп соғып, соның нәтижесінде жолаушы аз.Е.-ның денсаулығына орташа дәрежедегі зиян келтірген, сөйтіп құқық бұзушы Ш. ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Темекі қалдығын тастағаны үшін әкімшілік айыппұл төледі

12/03/2015

Құқық бұзушы А. темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетті жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалған.

Сотта құқық бұзушы А. өз кінәсін толығымен мойындап, темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргеніне шын жүректен өкінетінін айтты.

Құқық бұзушы А. зейнеткер болғандықтан, оған 7 /жеті/ айлық есептік көрсеткіш көлемінде 13874 (он үш мың сегіз жүз жетпіс төрт) теңге айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты жұмысшылардың қарыз еңбекақыларын өндіріп берді

12/03/2015

Бүгін, Қызылорда облысы Сырдария аудандық сотының сот мәжілісі залында борышкер «Сейфуллин Жер» ЖШС-нен 15 азаматтың  пайдасына еңбек ақыларын өндіру жөніндегі азаматтық істері қаралды.

«Сейфуллин  Жер» ЖШС-гі  2012-2013 жылдар  аралығындағы  қызметкерлерінің еңбек ақыларын төлемеген. Қызметкерлерінің еңбек ақы бойынша алашақ қарыздары сотқа ұсынған  «Сейфуллин  Жер» ЖШС-нің тиісті анықтамаларымен толық бекітілді.

Есірткі затты өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

12/03/2015

Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.

Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.

Қызылорда қалалық сотының судьясы Т.Жүсіпов «Қызылорда-Қазақстан телеарнасында» сұхбат берді

12/03/2015

Өткен аптада ҚР АІЖК –не енгізілген жаңа тарау, яғни 13,1 тарау «Жеңілдетілген тәртіппен қаралатын азаматтық істер» бойынша қалалық соттың судьясы Т.Жүсіпов телеарнада сұхбат берді.

          Сұхбат барысында  судья азаматтық істерді «Жеңілдетілген тәртіппен» қарау негізді екенін және сот қабылдаған бір ұйғарыммен, талап арызды қабылдайды, қозғайды, іс жүргізу тілін белгілейді, жеңілдетілген тәртіппен қаралатыны және жақтарға пікір, қарсылық, дәлелдемелер ұсыну үшін 15 жұмыс күн уақыт мерзім берілетіні айтылды.