Архив событий

16/03/2015

Соттардағы жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктеріне қатысты брифинг өткізілді

16/03/2015

2015 жылдың 16 наурызы күні Сырдария аудандық сотында «Соттардағы жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбында брифинг іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, аудандық прокурорының көмекшісі Е.Алтынбай, аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары Е.Әльжанов, аудан әкімдігінің құжаттамалық бөлімінің меңгерушісі Х.Бихожаев, «Тіршілік тынысы» редакциясының өкілі Б.Жанәлі, аудандық сотының кеңсе меңгерушісі мен баспасөз хатшысы қатысты. 

Қармақшы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

16/03/2015

2015 жылдың 6 наурызында Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдулллаев құқық қорғау органдар мен жергілікті уәкілетті мекемелер арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңына түсіндірме, талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

Төрағалық етуші Қ.Абдуллаев күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, ол бойынша баяндама жасау үшін судья К.Қаниеваға сөз берді. Судья К.Қаниева  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңына түсіндірме беріп өтті.

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі тақырыбында брифинг

16/03/2015

Жалағаш аудандық сотында ағымдағы жылдың наурыз айының 13-күні  аудандық прокуратураның, аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық қаржы бөлімінің, сот қызметкерлерінің  қатысуларымен «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі туралы брифинг өтті.

Брифинг мақсаты – бүгінгі таңда халыққа қолжетімді бола бастаған жаңа электронды қызметтер туралы ақпараттандыру жұмыстарын түсіндіру.

Семинар сабақ өткізілді

16/03/2015

12 наурыз 2015 жылы Арал аудандық сотында кеңсе қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2014 жылғы «17» шілдедегі № 351 өкімімен бекітілген Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу қағидасына байланысты семинар сабақ өткізілді.

Насихаттау жұмысы жүргізілді

16/03/2015

        Қармақшы аудандық сотында жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерінің және аудан халқының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 15 мамырында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Қасқа жолды Қасым хан» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетіндігі насихатталды.

            Қасым ханның қасқа жолын қазіргі сот жүйісінде де пайдаланып, әділ шешім шығару болып табылады. Конференцияның мақсаты да осында.

Ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

16/03/2015

Құқық бұзушы О. Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесінде орналасқан Автовокзал жанында темекі қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетті жасаған.

Сотта құқық бұзушы О. өз кінәсін толықғымен мойындап, ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргеніне шын жүректен өкінетінін көрсетті.

Байқоңыр қалалық соты хабарлайды!

16/03/2015

«30» наурыз 2015 жылы сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін, Байқоңыр қалалық сотының ғимаратында  Байқоңыр қалалық сотының төрағасы мен судьяларының қатысуымен «Ашық есік күні»  өткізіледі.

Шешуін таппай жүрген мәселелері бойынша сот төрағасы мен судьялардың қабылдауында болып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын келтіремін деуші азаматтарға төменде көрсетілген мекен - жайға хабарласуларына болады.

Байқоңыр қаласы, Максимов көшесі, 17 «а» үй.

Байланыс телефоны: 8(33622) 7-05-81, 7-38-55

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс бойынша әңгімелесу сатысына жіберілген кандидаттар

16/03/2015

Қызылорда облыстық соты кеңсесінің  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс бойынша 19.03.2015 жылы  сағат 10-00 де өтетін әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі 

Р/С №

Т.А.Ә

1

Абдраманов Кабланбек Балатаевич

Бұзақылыққа жол бергені үшін он тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

16/03/2015

2015 жылдың наурыз айында Жалағаш аудандық сотында азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша азамат М. мас күйінде жұбайына себепсіз ұрыс шығарып, былапыт сөйлеген, мазасын алған.

Сот отырысында М.-ның бір жыл ішінде екінші мәрте осындай  құқықбұзушылық жасағаны белгілі болды.

Сот М.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Облыстық сотта жедел кеңес өтті

16/03/2015

Бүгін,16 наурыз 2015 жылы Қызылорда облыстық сотында  облыстық сот төрағасының, алқа төрағаларының және Қызылорда қаласында орналасқан аудандық және оған еңестірілген соттардың төрағаларының қатысуымен кезекті жедел кеңес өтті. 

Жиналыста алқа төрағаларының, аудандық және қалалық сот төрағаларының өткен аптада атқарған жұмыстары мен сот өндірісіндегі істер барысы туралы ақпараттары тыңдалды.