Архив событий

02/03/2015

«Қорқыт-Ата» кешенінің аумағын ластағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

02/03/2015

Қармақшы аудандық сотында 2015 жылдың ақпан айының 25 күні Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434- бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы И.Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

21.02.2015 жылы И.Р. Қармақшы ауданы «Батыс Қытай - Батыс Европа» тас жолы бойында орналасқан «Қорқыт-ата» кешенінің асханасынан шыққан коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орынға төгіп, ортақ пайдалану орынды ластаған.

И.Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде он айлық есептік көрсеткіш, яғни 19 820 теңге айыппұл салынды.

Жаңақорған аудандық сотында брифинг өткізілді

02/03/2015

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов жуырда судьялар Б.Елшібековтің, А.Бекботаевтың, Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі А.Тасқұловтың, адвокат Қ.Төлепбергеновтің, жергілікті «Жаңақорған тыныс» газетінің тілшісі Қ.Ертасовтың және Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуында брифинг өткізді.

«Төрелік» ақпараттық жүйесі тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

02/03/2015

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен сот өндірісіндегі  «Төрелік» ақпараттық жүйе пилоттық жобасы қолданушыларға арналған нұсқаулықпен қоса жолданған, пилоттық жоба 19.01.2015 жылдан бастап қолданысқа енгізілуге тапсырылған.

            Казіргі уақытта «Төрелік» ақпараттық жүйе арқылы тіркелген құжаттарды  күнделікті бақылауда ұстап, облыстық сот кеңсесіне хабарлануда. Бұл тапсырма бойынша барлық аудандық сот төрағалары бақылау жасауда.

Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды

02/03/2015

Қармақшы аудандық сотының 23 ақпан 2015 жылғы қаулысымен құқық бұзушы А.С. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

      07.02.2015 жылы  А.С.  Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында  «ВАЗ 21120» маркалы автокөлікті мас күйінде жүргізген.

А.С. кінәсі оның өзінің мойындауымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, медициналық сараптама қорытындысымен және жол полиция қызметкерінің баяндамасымен толықтай дәлелденді.    

Қазалы аудандық сотына жаңадан судья тағайындалды

02/03/2015

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қарабаев Ержан Өсерханұлы Қазалы  аудандық сотының ұжымына және Қазалы ауданының активіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 ақпанындағы №1004 «Қазақстан Республикасының аудандық және оған теңестірілген соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы» Жарлығымен Қазалы аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Оспанов Мұрат Бектайұлын таныстырды.

Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

02/03/2015

Қазалы аудандық сотында құқық бұзушы «Т.А.-ның» ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Құқық бұзушы Шымкент-Самара трассасының бойында мас күйінде көлік басқарып ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы «Т.А.» аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Қармақшы аудандық сотында «ХҚКО» өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі аясында семинар өтті

02/03/2015

       Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен алдағы уақытта сот төрелігіне талап арыздарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы ұтымды әрі оңтайлы жолдау туралы ұсыныс түскен.

      Осы бағытта , 2015 жылдың 17 ақпанында Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е.С.Матжанов, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып, сотқа талап арыздарды «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы жолдау жағдайына байланысты семинар ұйымдастырды. Жиынға орталық өкілдері мен кент тұрғындары қатысты.

Сот шешімімен еріксіз емделуге жіберілді

02/03/2015

Сотта арызданушы  ФГБУЗ ЦМСЧ-1 ФМБА Россия  азамат С.-ны Қызылорда қалалық  өкпе аурулар қарсы  диспансеріне  еріксіз түрде  емдетуге жолдауды сұрау туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотта азамат С-ның эпидемиологиялық қауіпті және өкпе ауруының жұқпалы түрінде ауыратындығы,  емделуден бас тартып жүргені анықталды.

Сотпен азамат С.-ны еріксіз емдету туралы шешім қабылданды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкесіне ескерту жасалды

02/03/2015

17.02.2015 жылы Қазалы АІІБ-нің КТІЖБ-нің учаскелік полиция инспекторымен 23:30 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірім Қ.Ж. Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі бойында заңды өкілінің еріп жүруінсіз, тұрғын жайдан тыс жерде жүргені анықталған.            Кәмелетке толмаған Қ.Ж.ның заңды өкілі әкесі М.-ға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту жасалды.