Архив событий

30/03/2015

Сотта оқып үйрену семинар сабағы өткізілді

30/03/2015

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жуырда «Гибридтік электрондық пошта арқылы хат-хабарды жолдау жөнінде» семинар сабағы өткізілді.

Қазіргі күні барлық облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарда сотқа шақыру қағаздарын гибридтік электрондық пошта арқылы  басып шығару, конвертке салу және оны әрі қарай жөнелту жаңа қызметі іске асырылды.

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

30/03/2015

Жаңақорған аудандық сотында «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов, осы соттың судьясы А.Б.Бекботаев аудандық заң консультациясының адвокаты А.Абуталипов, жеке нотариус Т.Алайдаров, МЗТО-ның Жаңақорған аудандық филиалының бас маманы Ж.Туменбаева және аудандық Әділет басқармасы бас маманы Г.Абдуллаева қатысты.

Дөңгелек үстел кезінде аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов баяндама жасады.

Үш тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

30/03/2015

Қармақшы аудандық сотында 2015 жылдың наурыз  айының 16 күні Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434- бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Ж.Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес Ж.Н. 20 қаңтар 2015 жылы жергілікті уақыт 03.30 шамасында, Жосалы кенті, Ізтілеуов көшесі бойында орналасқан Бибінұр базарының жанында  көшеде кетіп бара жатқан О.Т. қарсы былапыт сөйлеп, ар намысына тиетін сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Кеңсе басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды

30/03/2015

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Наурыз мерекесіне орай судьялар мен сот мамандарының қатысуымен  салтанатты жиын өтті.

Жиында Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов барлық қатысушыларды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Жалағаш аудандық сотында брифинг өтті

30/03/2015

Өткен жұмада Жалағаш аудандық сотында «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі С.Бертаевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың бас маманы А.Тоғысова ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін ҚР жаңа ӘҚБтК-мен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат беріп, ол бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, өткен 2014 жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда, үстіміздегі жылдың осы кезеңінде қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны артқанын айтты.

Қызылорда қалалық сотында жеңілдетілген тәртіппен азаматтық істер қаралды

30/03/2015

Жыл басынан бері  Қызылорда қалалық сотында ҚР АІЖК –не енгізілген жаңа тарау, яғни 13,1 тарау «Жеңілдетілген тәртіппен қаралатын азаматтық істер» бойынша 140 азаматтық іс қаралды.

          Ал 27.03.2015 жылы судья Н.Төлеш бір күнде үш азаматтық істі жеңілдетілген тәртіппен қарады.

«Қылмыстық іс жүргізудегі тергеу судьясының ролі» тақырыбындағы бейнедәріс сабағы өтті

30/03/2015

Ағымдағы жылдың 27 наурызында облыстық соттың мәжіліс залында кезекті бейнедәріс сабағы болып өтті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен өткен бейнедәрістің тақырыбы «Қылмыстық іс жүргізудегі тергеу судьясының ролі» деп аталды.

Кезекті бейнебайланыс сабағын Жоғарғы Соттың судьясы Р.Н.Юрченко жүргізді. Аталмыш бейнедәріске облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Жиын соңында қатысушылартақырып аясында өзара пікір алмасып, жан-жақты талқылады. 

 

Аптадағы жұмыстар айшықталды

30/03/2015

Бүгін, 30.03.2015 жылы Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық сот төрағасы Н.Қайырбековтың төрағалық етуімен жедел кеңес өтті. Оған облыстық соттың алқа төрағалары мен Қызылорда қаласында орналасқан соттардың төрағалары, облыстық сот кеңсесінің басшысы, орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.   

Жиналыста алқа төрағаларының, аудандық және қалалық сот төрағаларының, кеңсе басшысы мен бөлім бастықтарының өткен жұмада атқарған жұмыстары туралы ақпараттары тыңдалды.

Экономикалық соттың бас маман-сот мәжілісінің хатшысы алғыс хатпен марапатталды

30/03/2015

Жуырда, Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында 22 Наурыз мерекесіне қарсы салтанатты іс-шара өткізілді.

 Салтанатты іс-шарада жұмыста белсенділік танытып және жақсы нәтиже көрсеткен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Сырымбетова Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысының  «Алғыс хатымен»  марапатталды.

Сонымен қатар, іс шарада құттықтау сөздер айтылып, басқа судьялар мен сот қызметкерлері марапатталды.