Архив событий

13/03/2015

Судьялар Одағының Қызылорда облысындағы филиалы қайырымдылық шарасын өткізді

13/03/2015

«Жомарт болу – өзінде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу». Бүгінде қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Осыны мақсат еткен  судьялар  мүмкіндігі шектеулі 1 және 2 топтағы көз мүгедектеріне көмек көрсетті.

Арал аудандық сотында брифинг өтті

13/03/2015

12 наурыз 2015 жылы Арал аудандық сотының төрағасы Е.Б.Тұрбаев, судья Д.Н.Кентбаев 2015 жылдың өткен кезеңінде аудандық сотпен қаралған қылмыстық істер бойынша брифинг өткізді.

Оған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары «Толқын» газеті және «Құрылтай» газетінің өкілдері қатысты.

Сот отырыстары жаңа аудио-бейне құрылғыларымен жүргізілуде

13/03/2015

Бүгін, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының мәжіліс залында судья Г.Таңатованың төрелігімен брифинг өтті.

Брифинг «Рамазан-7» ЖШС, «Ата Даңқ» ЖШС, ЖК Қаржаубаева, Қызылорда қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен Қызылорда облысы прокурорының көмекшілері С.Серімбетов пен Б.Үсенұлының, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Ұрлық жасағандары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

13/03/2015

Жалағаш аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен (аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушылар «Груп 4 СК» ЖШС-де қызмет еткен. Сотталушылар А., К., М., А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарынан 18.05.2014 жылы сотталушылар ұйымдасқан келісімге келіп, "Юг-Транс-Групп" ЖШС-гі мекемесіне тиесілі бұрғы аппаратын жасырын ұрлап, сатып жіберген. Түскен пайданы, яғни 2 000 000 теңгені өзара теңдей бөліскен.

Сот талқылауы барысында сотталушыларға жәбірленуші жақ кешірім берген.

Құқық бұзушылыққа жол берген анаға ескерту жасалды

13/03/2015

     Қармақшы  аудандық сотында ҚР ӘҚБтҚ-нің 442-бабының 2 бөлігімен құқық бұзушылық жасаған  К.А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

     2015 жылдың ақпан айының 14-күні, сағат 23:35 шамасында,  Жосалы кенті, Сәтбаев көшесінің бойында жасы кәмелетке толмаған 12.02.1998 жылы туылған А.Б заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз  тұрғын-жайдан тыс жерде жүргені анықталып, анасы К.А. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған.  

   Соттың қаулысымен К.А. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен ескерту жасалды.    

   Қаулы заңды күшіне енген жоқ.    

Құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды

13/03/2015

Құқық бұзушы Б.А. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, өзінің басқаруындағы «Toyota Land Cruiser 100» маркалы, автокөлігінің рульдік басқару жүйесіне ие бола алмай, түнгі жарық бағанаға соққан, нәтижесінде 150 000 теңге мүліктік залал келтіріп, ҚР жол қозғалысы қағидаларының  10 бөлім 1тармағының, 2 бөлім 5 тармағының талаптарын бұзып, жол - көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Әйелін балағаттағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

13/03/2015

Қармақшы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша  құқық бұзушы  заңды некедегі әйелі О.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот, құқық бұзушы Н., Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған ескерту жасалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қазалы аудандық сотында брифинг өткізілді

13/03/2015

Қазалы аудандық сотында баспасөз өкілдерінің қатысуларымен өткен жұмада брифинг өтті.

 Брифинг барысында аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев сот өндірісінде қаралған қылмыстық іс жайлы ақпаратымен бөлісті.

Медиация тәртібімен азаматтық іс қысқартылды

13/03/2015

Жаңақорған аудандық сотымен талап қоюшы О. жауапкер Ж.-дан 513 000 теңге шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Басты сот мәжілісінде, жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат Ж. өз басқаруындағы автокөлікпен Қызылорда қаласында талап қоюшы О. басқаруындағы автокөлікпен соқтығысқаны, бұл мән-жайлар Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен бекітілгені анықталды. Осыған орай, кінәлі өз кінәсін мойындағанымен шығынды төлемеген, сондықтан талап қоюшы сотқа жүгінген.

«Сот кабинеті» сервисі мен «Төрелік» ақпараттық жүйесіне қатысты билборд орнатылды

13/03/2015

Байқоңыр қалалық сотымен халықты сот жүйсіне енгізіліп отырған жаңалықтарды ақпараттандыру мақсатында арнайы дайындалған эскиздің негізінде «Сот кабинеті» сервисі мен «Төрелік» ақпараттық жүйесіне қатысты  билборд дайындалып, Қармақшы ауданы, Төретам кентінің орталығы Жанқожа батыр көшесінің бойына орнатылды.