Архив событий

17/03/2015

Экономикалық сотта «Ашық есік күні» өтті

17/03/2015

         16.03.2015 жылы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

        Шараға келуші азаматтарды  Қызылорда облыстық сотының   апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов пен экономикалық соттың   төрағасы А.Дәуренбеков қабылдады.

         Өздерінің сұрақтарымен «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің заңгері Ж.Сейтжанов пен жеке тұлға Р.Спатаевалар аталған  іс-шараға  қатысты.

Процестік келісімге келу соттармен белсенді түрде қолданылуда

17/03/2015

Байқоңыр қалалық сотында аса ірі мөлшердегі  «гашиш» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен айыпталған сотталушылар Д. мен К.-ға қатысты қылмыстық істер қаралды.

Аурухананың бас дәрігер мен бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралуда

17/03/2015

Жалағаш аудандық аурухананың бұрынғы бас дәрігері қызметін атқарған ҚР ҚҚ-нің 176 бабының 3 бөлігінің «б, г» тармақтарымен, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 176 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен, 177 бабының 3 бөлігінің «б, г» тармақтарымен (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық), 314 бабының 1 бөлігімен (қызметтік жалғандық жасау) айыпталған М.-ға және осы аурухананың бас есепшісі қызметін атқарған ҚР ҚК-нің 176 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен, 325 бабының 2, 3 бөліктерімен (жалған құжаттарды дайындау) айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс аудандық сот өндірісі

Әйеліне былапыт сөйлеп, қорлап тиіскені үшін жауапкершілікке тартылды

17/03/2015

Қармақшы аудандық сотымен 13.03.2015 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен Ж.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша,  құқық бұзушы  08.03.2015 жылы азаматтық некедегі әйелі А.К.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот, құқық бұзушы Ж.М., Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған ескерту жасалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қызылорда қалалық сотының судьясы Қызылорда қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында дөңгелек үстелге қатысты

17/03/2015
 

       Өткен аптада Қызылорда қалалық сотының судьясы Д.Райқұлов Қызылорда қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында дөңгелек үстелге қатысты.

       Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы ҚР ӘКБтК-ның 159 бабы яғни, «тұтынушыларды алдау» болды.

       Судья Д.Райкулов дөңгелек үстелде осы тұтынушылардың алданып қалмаулары үшін тұтынушыларға өздерінің құқықтарын, міндеттерін түсындіретін тиісті шаралар, жарнамалар, БАҚ беттеріне осы тақырыпта мақалалар тағы да осы бағытта шаралар өткізу керектігі жөнінде өзінің пікірін айтып өтті.

Ұрлық және бұзақылық қылмыстарын жасағандары үшін сот үкімімен бас бостандықтары шектелді

17/03/2015

Жалағаш аудандық соты ҚР ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен (бөтен мүлікті ашық ұрлау), 257 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен (қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін бұзақылық), 104 бабының 2 бөлігінің «д» тармағымен (бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) айыпталған Р. -ға және ҚР ҚК-нің 257 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен (қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін бұзақылық) айыпталған Б.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.

Қоғамдық орында бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

17/03/2015

Қармақшы аудандық сотында 2015 жылдың наурыз айының 12 күні  ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушылық жасаған Т.Е  қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы Т.Е 22 желтоқсан 2014 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 18:40 минут шамасында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде жәбірленуші Р.К-ға былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот актілерін орындау мәселесі қозғалды

17/03/2015

      Жақында, Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Сот орындаушыларының сот актісін орындау бағытында туындайтын қиыншылықтарды жою және алдын алу» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстелге жергілікті соттардың судьялары мен Қызылорда қалалық  прокуроратурасының прокурорлары  қатысты.

     Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Әбілқайысқызы дөңгелек үстелге қатысып, сот орындаушыларға сот актісін орындау бағытында туындайтын қиыншылықтар бойынша  негізгі мәселелерін ашып талқылады.

Полиция қызметкерінің автокөлікті тоқтату барысындағы іс әрекетін заңсыз деп тану туралы шағым қаралды

17/03/2015

Азамат Т. сотқа ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қызметкері автокөлікті тоқтату кезіндегі әрекетін заңсыз деп тану туралы шағым арыз берген. Азамат Т. өзінің шағымында полиция қызметкерлері өзін Төретам қыстағынан №3 КПП бағытына қарай №9 алаңда тоқтатқанын, алайда ол аймақ  Ресей Федерациясының аумағына жататынын. Соған қарамастан полиция қызметкерлері автокөлік айдаудан алшақтатып, медициналық тексеруден өткізуге арнайы медициналық бекетіне апарғанын, кейін хаттама толтыру үшін ҚР ІІМ Өкілдігіне жеткізгенін  көрсеткен.