Архив событий

27/03/2015

Шетел азаматы заңсыз еңбек еткені үшін әкімшілік қамаққа алынды

27/03/2015

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасы азаматы Т-ға қатысты қозғалған әкімшілік іс қаралды.

Құжаттарын тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстан Республикасы азаматы Т. жеке мақсатпен келдім деп, келу мақсатына сай болмай,  ауызша мәміле жасап, құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген.

Сотта Өзбекстан Республикасы азаматы Т. өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкініп, рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтті

27/03/2015

     26.03.2015 жылы Шиелі аудандық сотында  «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

     Шараға келуші азаматтарды  Шиелі аудандық сотының төрағасы М.Еркінбеков  қабылдады.

     Өздерінің сұрақтарымен азаматтар  Г.Оспанова  мен Н.Жайлаубаевтар аталған  іс-шараға  қатысты.

     Іс шарада азаматтар атқару құжаттарының орындалу мерзімдері мен сотқа талап арыз беру тәртіптері және сот актілерінің орындалу мерзімдері жөніндегі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылды

27/03/2015

Шиелі аудандық сотының 20.03.2015 жылғы қаулысымен құқық бұзушы  Б.-ға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен  10  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 19 820  теңге айыппұл салынды.

Азаматша Б. Шиелі кенті, орталық базарында азаматша Абуованың ар-намысына тиетін балағатты сөздер айтып, оны қорлап, айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, төңірегіндегілерге  сыйламаушылық білдіріп құқық бұзған әрекеті үшін жауаптылыққа тартылды.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды

27/03/2015

Жалағаш аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына қарағанда, А. 15.02.2015 жылы, сағат 02.35 шамасында, Жалағаш ауданы, Әйтеке би көшесі 21 үйде азаматша Б-ға себепсіз тиісіп, лас сөздермен балағаттап, ар-намысына тиіп, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ іс-әрекеттер жасап, жанұя тыныштығын бұзған.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін сот алдында жауап берді

27/03/2015

Қармақшы аудандық сотында 2015 жылдың наурыз  айының 13 күні Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434- бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Е.Ғ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

27 ақпан 2015 жылы Е.Ғ Ақжар ауылында үйінен шыққан коммуналдық қалдықтарды, яғни малдың көңін белгіленбеген орынға төгіп, ортақ пайдалану орынын ластаған.

Е.Ғ. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде он айлық есептік көрсеткіш, яғни 19 820 теңге айыппұл салынды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ол үшін жауапкершілік тақырыбында өткізілген семинар

27/03/2015

20.03.2015 жылы Қызылорда қаласы № 2 сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ол үшін жауапкершілік» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Қызылорда қалалық прокуратура өкілі С.Төлеген, қалалық әкімият заңгері Б.Омаров, Қызылорда қалалық № 2 сотының судьясы Б.Жаңабаев және сот қызметкерлері қатысты.

Экономикалық сотта брифинг өткізілді

27/03/2015

Өткен жұмада  Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының мәжіліс залында осы соттың судьясы Р.Шамшиевтің төрелігімен брифинг өтті.

Брифинг «ДИАЛ Кызылорда» ЖШС-нің өкілі мен «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Айнұр Төремуратованың қатысуымен өтті.

Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 20 тәулікке қамалды

27/03/2015

 Жалағаш аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлімімен азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, 24.02.2015 жылы, «Лада 21901» маркалы автокөлігін Жалағаш – Мәдениет тас жолы бойында автокөлік басқаруға құқы жоқ бола тұра, алкогольден масаю күйінде басқарған.

Сот, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, 20 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік шарасын тағайындады.

Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

27/03/2015

Қазалы аудандық сотында құқық бұзушы С.Н-ның ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Құқық бұзушы Әйтеке би кенті, Кабельная көшесінің бойында мас күйінде көлік басқарып ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы С.Н. аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

27/03/2015

Құқық бұзушы Е.Б. Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі мен А.Иманов көшесінің қиылысында орналасқан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның филиалы ғимаратының алдында, яғни қоғамдық орында темекі шегіп, шеккен темекісінің қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап,  осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Е.Б. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.