Архив событий

05/03/2015

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы жеке қабылдау жүргізді

05/03/2015

Жаңақорған кентінің тұрғыны А.Ахметов Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосановтың жеке қабылдауында болып, зейнетақы заңының төңірегінде сұрақтар қойды.

         Кездесу қорытындысымен А.Ахметов өзінің түсінбей жүрген мәселесі бойынша төрағадан тұжырымды, заң талабына сәйкес жауабын алып, рахметін айтты.  

Тергеу судьясы сезіктінің мүлкіне тоқтам салуды санкциялады

05/03/2015

Жанақорған аудандық сотының тергеу судьясы Б.Елшібеков қарақшылық қылмысына сезікті Қ.-ның мүлкіне тоқтам салуды санкциялау туралы Жаңақорған АІІБ-мі тергеушісінің өтнішін қарады.

         Сотпен анықталғандай, сезікті Қ. Қылмыстық қудалау органымен қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін сезік келтірілген, дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігінің 1 және 4 тармақтарымен сезікті деп танылған.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қызылорда облысында республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өтеді

05/03/2015

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 15 мамырында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қасқа жолды Қасым хан» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

05/03/2015

Жуырда Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» іс шарасы өтті.  Шараға келген азаматтарды Шиелі аудандық сотының төрағасы  М.Еркінбеков қабылдады.

         «Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру, жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Қаруды заңсыз сақтап алып жүргені үшін әкімшілік айыппұл салынды

05/03/2015

Қармақшы аудандық сотында   Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Ж.М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

         Әкімшілік іс құжаттары бойынша Қармақшы ауданы, «Тарғыл» деп аталатын елсіз аймақта Ж.М. есімді азамат өзімен бірге дара ауызды аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сақтап, өзімен бірге алып жүрген.

         Азамат Ж.М. ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Қармақшы аудандық соты «Сот кабинеті» сервисі мен «ТӨРЕЛІК» ақпараттық жүйесі жөнінде баспасөз конференциясын өткізді

05/03/2015

Жуырда Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е.Мәтжанов «Қармақшы Таңы» газетінің өкілі Н.Жанаділовтің қатысуымен құқық қорғау органдары мен уәкілетті органдар арасында «Сот кабинеті» сервисі мен жаңадан пилоттық жоба ретінде енгізілген «ТӨРЕЛІК» ақпараттық жүйесі бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында «Сот кабинеті» сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу, мемлекеттік баждың онлайн-төлем тәртібі, істердің тарихын қарау,сот актілерін шығарып алу ерекшеліктері түсіндірілді.

Заңсыз тиым салынған ағаштармен бұталарды кескені үшін жауаптылыққа тартылды

05/03/2015

        Қармақшы ауданы,  Ақжар ауылының тұрғындары  А.Ж. мен Т.А.  2015 жылдың ақпан айының 2 күні Ақжар  ауылына қарасты  "Шілен көл" аумағынан орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп, 3 текше метр сексеуілді алып,  мемлекетке жалпы құны 29730 тенге мүліктік зиян келтірген.

        Қармақшы аудандық сотының үкімімен сотталушылар А.Ж мен Т.А. ҚР ҚК-нің 340 бабының 1 бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 49 550 теңге айыппұл салынды.

Алимент өндіру жайлы сот бұйрығы шықты

05/03/2015

Арызданушы Г.Ш. Шиелі аудандық сотына түсірген арызында борышкер Б.Ж. екеуі 2005 жылы заңды некеге тіркелгендерін, осы некеден араларында үш баласы бар екенін көрсеткен.

     Борышкердің бүгінгі таңда бөлек тұрып жатқанын және оның өз еркімен қыздарын асыраудан бас тартып отырғандығын көрсетіп, арызданушы соттан Б.Ж.-мен өзінің араларындағы балаларын асырау үшін борышкерден алимент өндіріп беруді сұранған.

Қамауға алу мерзімі ұзатылды

05/03/2015

       Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 259 бабының 3 бөлігімен  3 тармағымен (Есірткі заттарын өте ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтап және өткізу) айыпкер Х.-ға қатысты қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тергеушінің талап өтініші қаралды.

      Шиелі аудандық сотының қаулысымен  айыпкер Х.-ны күзетпен ұстау мерзімі 2015 жылдың  найрыз  айының 10 дейін 3 айға ұзартылды.

Жаңақорған аудандық сотында брифинг өткізілді

05/03/2015

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы  Н.Қосанов, жуырда өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі, журналист Қ.Ертасовтың қатысуымен сот билігіне деген халықтың сенімін күшейту мақсатында, қысқартылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша түсіндірме берді.

Атап айтқанда, азамат П. «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігін Жаңақорған кенті, Хорасан ата көшесінде мас күйінде басқарған деген негізбен Жаңақорған АІІБ-мен 01 желтоқсан 2014 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.