Архив событий

04/03/2015

Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасы кеңінен талқыланды

04/03/2015

Жуырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы заңгерлер қауымдастығының Қызылорда облысы бойынша өкілдігімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында  Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі, ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі және «Арбитражды сот туралы» заң жобаларын талқыланды.

«Жасөспірімдер тәртібі – маңызды мәселе» тақырыбында брифинг өткізілді

04/03/2015

27 ақпан 2015 жылы Жалағаш аудандық сотында «Жасөспірімдер тәртібі – маңызды мәселе» тақырыпта брифинг өтті.

          Брифингке жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі С.Бертаев, аудан прокурорының көмекшісі Е.Ж.Еркінов және Жалағаш аудандық ІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөнінде инспекторлары қатысты.

Қылмыстық іс тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты өндірістен қысқартылды

04/03/2015

     Шиелі аудандық сотында жуырда ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Қылмыстық істің құжаттарымен анықталғаны сотталушы Д. Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылындағы тұратын танысы О.-ның үйіне келіп, үйдің балалар жататын бөлмесінің сыртқы пластиктен жасалған терезесін сол жерден тауып алған темірмен ашып, үй ішіне заңсыз кіріп, үйдің жатын бөлмесінде тұрған бағасы 100 000 теңге тұратын «LG» үлгісіндегі телевизорын жасырын ұрлап алып кеткен.

Судьялар әділ болуға ант қабылдады

04/03/2015

2015 жылдың 27 ақпанында Қызылорда облыстық сотында  облыстық соттың жалпы отырыс болып өтті. Онда ҚР Президентінің 2015 жылдың 18 ақпанындағы №1004 Жарлығымен  судья лауазымына тағайындалған Арал аудандық сотына судья Н.Бекетаев, Қазалы аудандық сотына судья М.Оспанов, Қызылорда қаласының №2 сотына судьялар Д.Алиев және Т.Тілеп, Шиелі аудандық сотына судья А.Жолдыбаев, Қызылорда қаласының мамандандырлған әкімшілік сотына судья О.Абдукаликовтер ант қабылдады.

Заттай дәлелдемелерді жою тәртібі жөнінде дөнгелек үстел өткізілді

04/03/2015

Өткен жұмада облыстық соттың мәжіліс залында Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау және жою тәртібі» тақырында дөнгелек үстел өтті.

Іс-шараға судьялар мен кеңсе қызметкерлері, прокуратура мен ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты.  

Кеңсе меңгерушісі баяндамасында заттай дәлелдеме деп тану, оны қабылдау, есепке алу және жою тәртібі тұралы Нұсқаулықта көрсетілген талаптарды айтып өтті.

Арал аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі мен «Төрелік» ақпараттық жүйесі жөнінде брифинг өткізілді

04/03/2015

Сот жүйесінің оң имиджін қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екендігі ескеріліп, сот жүйесіндегі жаңалықтарды БАҚ өкілдерімен бөлісу мақсатында 27 ақпан күні Арал аудандық сотында  «Сот кабинеті» сервисі мен «Төрелік» ақпараттық жүйесі жөнінде  брифинг өткізілді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары «Толқын» газеті және «Құрылтай» газетінің өкілдері қатысты.

Анасын балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

04/03/2015

 «Жұмақтың кілті - ананың табанының астында» дегенді естігеннен кейін жер басып жүрген пенденің бәрі аналарына бас иіп, тағзым етіп өтуі тиіс. Десек те, арамызда өз анасын құрметтеу былай тұрсын, мазасын алып, тіл тигізетіндер де бар.

Арал аудандық сотында қаралған ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Б.  алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде үйіне келіп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға, яғни анасы У-ға балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, сыйламаушылық көрсеткен.

Медиация заңы аясында қылмыстық іс қысқартылды

04/03/2015

Жаңақорған аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Істің құжаттарына қарағанда, 08 ақпан 2015 жылы Н. есімді азаматша Жаңақорған ауданы, Кейден ауылы, Абай  көшесі номерсіз тұрғын үйден киімдер ұрлаған.

Сотта сотталушының адвокатынан медиация заңымен жәбірленушімен татуласып, келтірген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш түсті.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

04/03/2015

     Шиелі аудандық сотының 2014-жылдың 28-тамызындағы қаулысымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 467-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2017-жылдың 28-қыркүйегіне дейін, яғни үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған сотталушы С. алкогольден орта дәрежелі масаң күйінде автокөлікті басқарып, жүргізген.

      Сөйтіп сотталушы С. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұрып, алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Құқық бұзышылыққа жол бергені үшін сот қаулысымен есерту жасалды

04/03/2015

Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

       Істің мәні бойынша, азамат А. 2015 жылдың 23 ақпанында азаматтық некедегі бірге тұратын жұбайы Б.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, жеке тұрғын үй шегінде жанұясының тыныштығын бұзған, сөйтіп ол 2015 жылдың 21 ақпанында тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдыртпау мақсатында өзіне шығарылған қорғау нұсқамасын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

      Құқық бұзушы А., сот отырысында кінәсін толығымен мойындады.