Сырдария аудандық сотында жедел кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

            2015 жылғы 04 наурыз күні Сырдария аудандық сотында  Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуларымен жедел кеңес өткізді.

           Жедел кеңесте алқа төрағасы Е.Ө.Қарабаев сыбайлас жемқорлықты болдырмай оның алдын алу мақсатында, судьялар мен сот қызметкерлеріне келеңсіздіктерге жол бермеуді және бөгде адамдармен процессуалдық емес қатынастарға бармау, судья этикасының, мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

          Сот құжаттарының БААТЖ жүйесіне толық және сапалы салынуын, сот процесі барысында аудио-бейне жазба құрылғыларын қолдануды, «Төрелік», «Сот кабинеті» сервистерінің қызметін толыққанды жүзеге асыруды тапсырды.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан