Мемлекеттік сатып алу заңнамасы аясында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.Сарсенов «Мемлекеттік сатып алу заңнамасы» тақырыбында брифинг өткізді. Брифинг осы соттың мәжіліс залында, шағын және орта кәсіп өкілдері мен заңгерлер одағының заңгері М.Әбеннің және жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен өтті.

Брифингте судья М.Сарсенов қатысушыларға «Мемлекеттік сатып алу заңнамасының» қағидалары мен негізгі талаптарын түсіндірді.

         Жалпы осы сотқа 2015 жылдың басынан осы күнге дейін мемлекеттік сатып алу заң бұзушылығы бойынша 191 арыз түскен, 181 азаматтық іс қозғалып, қаралуда.

         Кездесу соңында судья М.Сарсенов қатысушылардың сұрақтарына толық жауап беріп, қатысушылардың көңіл бөліп келгендеріне алғысын білдірді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөзқызметі