Қызылорда облыстық сотында 8 наурыз мерекесіне орай, салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

6 наурыз 2015 жылы Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық сот судьялары мен сот мамандарының қатысуымен Халықаралық әйелдер мерекесі 8 наурызға арналған салнатты жиын өтті.

Онда Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов сот саласында табысты еңбек етіп жүрген барлық нәзік жандыларды құттықтады. «Бәріміз асыға күткен көктемнің алғашқы мерекесі де келіп жетті. Бұл мейрам қашан да, ең ізгі, ең ұлы, ең ыстық сезімдерге толы. Себебі, бұл күн – ұлы мереке. Осынау ұлы күнде Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт пен береке тілеймін, - деді алқа төрағасы.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында отставкадағы судья, сот саласының ардагері З.Жаңбыршаеваның 60 жасқа толу мерейлі мерекесімен құттықтап, оған адресат табыстады. Шара барысында әйел-аналарға, қыз-келіншектертердің барлығына гүл-шоқтары мен сыйлықтар табысталды.

Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысы Азамат Жұмамұратов сот жұмысына елеулі еңбек қосқан бірқатар нәзік жандыларды алғыс хаттармен марапаттап, өз ризашылығын білдірді. 

Салтанатты жиында айтылған ақ тілектер мен шырқалған әсем әуендер барша мереке иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі