Тыл ардагері 95 жастағы Шырынкүл Қазанбаеваны сот ұжымы мерекесімен құттықтап қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Президенттің Қазақстан халқына жолдауында Жаңа экономикалық саясат аясындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру міндеті қойылған болатын.

Жолдаудың басымдықтарын іске асыруда әйелдердің белсенді қатысуы, қазіргі заманғы ғаламдық сын-тегеуріндер жағдайындағы елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын одан әрі жақсартуға олардың қосар үлесі, әйелдердің бастамаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру, еңбек адамы ретінде қазіргі заманғы қазақстандық әйелдің мәртебесін, дәулетті Қазақстандағы оның жаңа рөлін нығайту болуға тиіс.

         Осы орайда 8  наурыз   Халықаралық    әйелдер  мерекесіне    арналған  мерекелік   іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Шиелі аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері Шиелі ауданы, Нартай ауылының тұрғыны 95 жасқа келген күрішші, тыл ардагері, Социалистік Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаеваның үйіне арнайы барып, қарияны атаулы мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Ардагер апаның сұхбатында еңбек еткен кезінде оның жігерлігі, қайрат күшінің мықтылығы, өзіне деген сенімділігі айтылып, сөз соңында сот қызметкерлеріне ол ақ батасын берді.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі