Ұжымдағы нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың 6 наурызы күні Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жігіттер қауымы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен осы ұжымның нәзік жандарын құттықтады.

Соттың төрағасы А.Дәуренбеков 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отыра, зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеп, ізгі тілектерін білдірді.

Ісшарада судьялар мен қызметкерлер осы соттың әйелдері мен қыз-келіншектеріне ыстық тілектерін білдіріп, ал судья Н.Еламанов ән шырқап берді. Барлық қыз-келіншектерге  гүлдер мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

         Одан  кейін осы ұжымның атынан соттың ардагер судьялары О.Ким мен Б.Смағұловаға құттықтау хаттар мен сыйлықтар жолданды.  

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі