Сот төрағасы және судьялары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттеріне дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Әбу Айбек Кеңесұлы «Қазақстан Респубдикасы судьяларының VII сьезінде Банголор қағидасына сай қабылданған судьялық әдеп кодексі» тақырыбында және судьялар Кусекеев Күмісбай Алқуатұлы, Жаңабаев Балғабай Ұзайырұлы «Адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық қызметі жөніндегі өкілеттіктерді  тергеу судьясына беру мәселесі, тергеу судьясының өкілеттіктері» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Дәріс оқу барысында сот төрағасы А.Әбу  студенттерге Судьялық әдеп кодексі  Қазақстан Республикасы судьяларының VII сьезінде 2016 жылдың 21 қарашада қабылданғанын, 15 баптан тұратынын, судьялар әдебі кодексінде судьяның мінез-құлық принциптеріне басты назар аударылып, сот  төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды және ар-ожданды басшылыққа алып, шешім қабылдау қажеттілігі көрсетілгенін жеткізді. Кодексте судья сот билігінің беделін  түсіретін, абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін  жүзеге асыру кезінде оның обьективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен бойын аулақ ұстауы тиіс екендігіне кеңінен  мән берілгенін  айтып өтті.

Сонымен қатар, судья Б.Жаңабаев өз баяндамасында тергеу судьясы-бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттілігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын жүзеге асыру жатады, сот төрағасы тергеу судьясын бірінші сатыдағы судьялардың қатарынан тағайындайды. Тергеу судьясын ауыстыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін екендігін атап көрсетті.

Шара соңында сот төрағасы студенттерге өз ісінің маманы болуын тілеп, қойылған сауалдарға жауап берді.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі