Адам құқықтары – жоғары құндылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

24 тамыз 2016 жылы Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингке Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының хатшысы Т.Әбішев,  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының сарапшысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты, С.Жаркенова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының сарапшысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты, С.Жаркенова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының сарапшысы, заңды тұлғалардың «Қазақстан дағдарыстар орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрайымы З.Байсақова, аудандық әкімдігі жанындағы бөлімдерінің басшылары, құқық қорғау органдарының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова ашып, адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылғанын, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылғанын және Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқаратынын атады.

Эксперт-тренер Т.Әбішев адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қолдану принциптеріне, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасында көзделген азаматтардың мемлекет және қоғам алдындағы міндеттеріне тоқталды.

Сонымен бірге, адам құқықтары жөніндегі комиссияның билік органдарымен, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы, адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердегі азаматтардың арыз-шағымдарын қараудың тетіктеріне қатысты түсіндірмелер берді.

Сөз кезегін алған эксперт-тренер С.Жаркенова., Қазақстан Республикасының жаңа еңбек заңнамасына, яғни заңнамаға енгізілген жаңа нормаларға тоқталып өтті. Оның ішінде еңбек шартын жасау, еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттір, тәртіптік және материалдық жауапкершілік, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру, іссапарға жіберу, нормалау және еңбекке ақы төлеу, еңбек шартын бұзу, еңбек даулары және оларды шешу тәртібіне жан-жақты айтты.  

Эксперт-тренер З.Байсақова. Қазақстандағы әйелдердің және балалардың құқықтары,  балалардың құқықтарын қорғаудың проблемалары және оларды шешудің жолдарына, отбасын зорлық-зомбылықтан қорғау проблемаларына, Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасымен күрес саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) рөліне қатысты түсіндірме жұмыстарын жасады.

Шара соңында арнайы дайындалған слайдтар көрсетіліп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі