Архив событий

28/07/2017

Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде сот мамандарының қатысуымен оқу-семинар өтті

28/07/2017

Бүгін екі жақты Меморандум шеңберінде Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде сот мамандарының қатысуымен «Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, сараптау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру» тақырыбында оқу-семинар өтті.

Оқу-семинар жұмысына облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Елтай Бөрібаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот мамандары, облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Нағима Қуанышева, қалалық архив басшысы Жұлдыз Байғараева және архив мамандары қатысты.

Қызылорда облыстық сотында азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық саты соттарында сот актілерінің бұзылу, өзгертілу себептері талқыланды

28/07/2017

Қызылорда облыстық сотында азаматтық істер жөнінегі сот алқасының судьялары мен аудандық, қалалық сот төрағалары арасында семинар сабағы өтті

Іс-шараны ашқан азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді айтып өтті.

Семинар шеңберінде облыстық соттың судьялары Жанат Оспанова, Клара Қаниева мен Светлана Жуынтаева сөз сөйледі.

Сот мамандарына арналған семинар сабағы өтті

28/07/2017

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің бөлім басшылары мен кеңсе меңгерушілері арасында семинар сабағы өтті.

Іс-шараны Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.

Қылмыстық істерді қарайтын облыс судьялары арасында семинар сабағы өтті

28/07/2017

Қызылорда облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбеттің жүргізуімен семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына облыстық соттың қылмыстық істерді қарайтын судьялары мен аудандық, қалалық сот төрағалары  қатысты.

Іс-шара барысында Қазалы аудандық сотының судьясы Дәурен Абдыхалықов пен Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Думан Әлиев сөз сөйледі.

Татуластыру шараларын қолданған судьяға алғыс жариялады

28/07/2017

Шиелі аудандық қоғамдық-саяси «Өскен өңір» газетіне «Несібе и К» микрокредиттік ұйым ЖШС-нің басшысы Бақтияр Кемелдің Шиелі аудандық сотының судьясы Әлия Түбекбаеваға алғысын білдірген мақаласы жарияланды.

Қызылорда облыстық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті

28/07/2017

Қызылорда облыстық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары шығарылды.

Іс-шараға облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев, облыстық соттың алқа төрағалары, облыстық,  аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, соттар әкімшісі басшылығы қатысты.

Кеңес жұмысын облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев ашты. Ол облыс соттары жұмыстарының қорытындысымен таныстырды.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары» тақырыбында семинар өткізілді

28/07/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда кеңсе меңгерушісі Қаракөз Сарсенбаева баяндама жасады.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

28/07/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің  конкурстық комиссиясымен тағайындауға ұсынылады:

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы лауазымына Ардабаева Еленай Болатовна;

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28/07/2017

Шиелі аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 669 бабы (сот шешімін орындамау) бойынша  К-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

2014 жылы 6 тамызында Шиелі аудандық аумақтық бөлімі Әділет департаментінің филиалының аға сот орындаушысымен К.-ға қатысты Шиелі аудандық сотының У.-дың пайдасына кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегендіктен, кәмелеттік жасқа толғанға дейiн ай сайын ¼ мөлшерінде тапқан табысының барлық түрлерінен төлеуге міндеттелгені туралы сот бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

28/07/2017

2017 жылдың 03 тамызында сағат 10-00 мен 12-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

«Ашық есік» күніне қатысу үшін 55-97-84 телефон номеріне хабарласуға немесе Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29 үй мекен жайының 1 қабатына келуге болады.

Әкімшілік құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды

28/07/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушы Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.        

Құқық бұзушы Д-ның тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған ұлы  Н. «Шымкент-Самара» тас жолының бойында орналасқан аялдаманың қабырғасына қара бояумен атын және ұялы телефон нөмірлерін жазып, мемлекет мүлкін қасақана бүлдірген.

Яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 448 бабында көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Қарама-қарсы бағытқа шығып автокөлікті басқарып, полиция қызметкерлерінің автокөлікті тоқтату туралы заң талаптарын орындамаған

28/07/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабының 1 бөлігімен және 596 бабының 3 бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жеке айыптау жөніндегі қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/07/2017

Арал аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған сотталушы М-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша К. жеке айыптау тәртібімен азамат М-ны ҚР ҚК-нің 108 бабында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны үшін, яғни өзіне дене жарақатын салғаны үшін оны қылмыстық жауапқа тарту туралы сотқа арыз берген.

Темекі шегіп, ортақ пайдалану орнын ластаған

28/07/2017

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы М. Шиелі ауданы, Абылайхан көшесінің бойында, темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық іс әрекетін жасаған.

Аудандық соттың қаулысымен азамат М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22690 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.