Архив событий

03/07/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

03/07/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясын Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дәуренбеков жүргізді.

2017 жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 1360 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 1101 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңын бұзғаны үшін мейрамхананың иеленушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03/07/2017

Жаңақорған аудандық сотымен құқық бұзушы Ш-ға қатысы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілген көтерме жәрдемақыны өндіру жайлы талап арыз қанағаттандырылды

03/07/2017

Сырдария аудандық сотында талапкер «Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілген көтерме жәрдем ақыны мемлекет пайдасына өндіру жөніндегі 6 талап арызы оңайлатылған  іс  жүргізу  тәртібімен  қаралды.

Атап айтсақ, мысалы талапкер «Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-нің басшысы арасында көтерме жәрдемақы алу үшін жауапкер М-мен екі жақты келісім жасалғанын.

Алкогольді масаң күйде автокөлік басқарған

03/07/2017

Арал аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы М. автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Темекі қалдығын тастағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

03/07/2017

Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған құқық бұзушы Б-ға қатысты  әкімшілік  іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. Қызылорда қаласының темір жол вокзалы жанында темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық  білдіретін  іс-әрекетті  жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық  дәлелденді.