Архив событий

05/07/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өткізілді

05/07/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың  6 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Қызылорда облыстық сотында Астана күніне арналған мерекелік жиын өтті

05/07/2017

Қызылорда облыстық сотында Астана күніне арналған мерекелік жиын өткізілді.

Жиынды ашқан облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев Астана күні мерекесінің тарихына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Астана бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Биыл бас қаламызда өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесі де сөзімізге дәлел», - деді Қамбар Нұрышев.

Заң нормаларын сақтау – әркімнің міндеті

05/07/2017

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөлігінде көзделген, сотқа құрметтемеушілік сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған азамат Л-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

1 маусым 2017 жылы Арал аудандық сотының №2 сот мәжілісі залында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен, 191 бабының 1 бөлігімен  қозғалған қылмыстық істі қарау барысында, процеске қатысушы- сотталушы Л. сот отырысына алкоголь ішімдік ішкен масаң күйінде келіп, сотты және судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін әрекетті жасаған.   

Қазалы аудандық сотында Астана күніне арналған жиын өткізілді

05/07/2017

Қазалы  аудандық сотында Астана күніне орай жиын болып өтті.                

Жиынды ашқан сот төрағасы Қ.Темірбаев  2008 жылғы 25 маусымдағы №47-IV «Қазақстан Республикасында мерекелер туралы» Қазақстан Республика Заңының толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республика Заңымен бекітілген 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні мемлекеттік мереке деп атап өтілетінін жеткізді.

Жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды

05/07/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жауапкерді ата-аналық құқығынан шектеу туралы шешім шығарды.

Көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

05/07/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігіне сай әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша, құқық бұзушы С. трактор маркалы автокөлігін «Төретам» кентінің тұсында М-32 тас жолы бойында алкогольді масаң күйде басқарған. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасаған. 

Құқық бұзушы С. кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасымен және  медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.

Жиырма бір жасқа толғанша алимент төлейді деп шешілді

05/07/2017

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер Б-дан  алимент өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Н.. сотқа жолдаған талап арызында ақылы бөлімде оқитындығын көрсетіп, қаражат жетпейтіндігіне және жауапкер әкесі материалдық көмек көрсетпейтіндігіне байланысты алимент өндіруді сұраған.

Марихуананы сақтағаны үшін айыппұл салынды

05/07/2017

Жалағаш аудандық сотында теріс қылық бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлімімен азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, полиция қызметкерлері азамат А-ны Жалағаш кенті орталығындағы темір жол вокзалының тұсында тексеру кезінде, қалтасынан қағаз қиындысына салынған жалпы салмағы 1,36 грамм кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны анықталған.

Брифинг өткізілді

05/07/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жеке айыптау тәртібімен қаралған қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті.

Автокөлікті ішімдік ішіп айдағаны үшін жауаптылыққа тартылды

05/07/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат Р-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабы  6-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Р-ның  көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидасының 2.4.2,13.11 тармақтарының талаптарын сақтамай, 2017 жылдың 27 маусым айында  алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарғаны анықталды.

Шиелі аудандық сотында азаматтарды қабылдау жүргізілді

05/07/2017

Сот жүйесінің  ашықтығы мен жариялылығы, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні»  шарасы өткізілді.

Азаматтарды аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева қабылдадады.

Қабылдауға келген азаматша Д.Алтинбаева Шиелі аудандық  сотының әкелікті сот тәртібімен белгілеу жайлы ерекше іс жүргізу тәртібімен берген арызы бойынша шешімнің қате жазылғанын көрсетіп, осы мәселе бойынша көмек сұрады.