Архив событий

25/07/2017

Қылмыстық іс көшпелі түрде қаралды

25/07/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев Жаңақорған кентіндегі «Достық үйінің»  мәжіліс залында қылмыстық істі көшпелі түрде қарады.

Кәмелетке толмағандармен жасалынатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілген көшпелі сот отырысына БАҚ өкілдері, мұғалімдер және жергілікті халық қатысты.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы судья лауазымына үміткерлермен кездесті

25/07/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев жергілікті соттардың төрағалығына және судьялыққа үміткерлермен кездесті.

Кездесуге 1 жылдық тағылымдамадан өтіп, жалпы отырыстың оң қорытындысын алған судья лауазымына және аудандық соттардың төрағасы лауазымына үміткерлер шақырылды.

Қамбар Жұмабайұлы үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізіп, олардың  өмірбаяндары және атқарған еңбек өтілімен танысты.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

25/07/2017

Қызылорда облыстық сотымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күніне» қала тұрғыны Ж.Асқаров келіп, бұрынғы соттылықты алып тастау жөнінде сұрақтар қойды.

Қабылдауды жүргізген сот төрағасының міндетін атқарушы Сабыров Асхат Аббасұлы қойылған сұрақтарға жауап берді.  

Отбасылық жанжал үшін әкімшілік қамаққа алынды

25/07/2017

Арал аудандық сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Е. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде, өз үйінде қарындасымен айқайласып, оған балағат сөздер айтып, оның жанжалды доғар деген талабына құлақ аспаған.

Сотта жәбірленуші Г. құқық бұзушымен татуласпағанын, заң жүзінде оған шара көруді сұрайтынын көрсеткен.

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтеді

25/07/2017

Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 28 шілде күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.