Архив событий

12/07/2017

Облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев Қызылорда қаласының №2 сотының бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысымен танысты

12/07/2017

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық соттың судьялары, Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы мен судьяларының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңеске облыстық соттың төрағасы Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы төрағалық етіп, Қызылорда қаласының №2 сотының 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс барысымен танысты.

Медиация тәртібімен реттелді

12/07/2017

Талап қоюшы  К. өзінің иелігіндегі автокөлігін сатып беруге жауапкер Ж-ға 1 ай мерзімге сенімхат берген. Алайда жауапкер Ж. сенімхаттың 1 ай мерзімге берілгеніне қарамастан талапкердің рұқсатынсыз азамат О-ға талапкердің автокөлігін сатуға сенімхат беріп, азамат О. автокөлікті әйелінің атына сату-сатып алу шартымен аударып жіберген. Талапкер К. өзінің автокөлігі үшін ақша алмағанын көрсетіп, автокөлікті сату үшін берілген сенімхаттарды, сату-сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тануды және автокөлігін қайтарып алып беруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

12/07/2017

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын Қызылорда қалалық сотының төрағасы М.Ж.Еркінбеков жүргізді.

Қызылорда қалалық сотына 2017 жылдың алты айында 11 414 азаматтық іс пен талап арыз түскен.

Аяқталған азаматтық істердің саны 9712 /2016 жылдың 6 айында 5 422/ істі құрады.

Жасаған қылмысы үшін жазаланды

12/07/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 25 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Қылмыстық іс бойынша тараптар татуласты

12/07/2017

Жаңақорған  аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігінде көзделген азаматша А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Қ. сотқа жеке айыптау шағымын беріп, қорлау, яғни абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткені үшін азаматша А-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді

12/07/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ақмешіт Ақшамы» газеті тілшісінің қатысуымен 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар бойынша пресс-конференция өткізілді.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне 2017 жылдың 6 айында 43 адамға қатысты 25 қылмыстық іс, 378 талап арыз (арыз)  және 138 әкімшілік құқық бұзушылық істері түскен.

Байқоңыр қалалық сотында 2017 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

12/07/2017

Байқоңыр қалалық сотында ағымдағы жылдың 6 айында қалалық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға қалалық соттың төрағасы мен «Тәуекел туы» газетінің өкілі қатысты.

2017 жылдың 6 айында қалалық сот өндірісіне 51 қылмыстық іс, 132 әкімшілік іс,  355  азаматтық іс түскен.

Есірткі затын заңсыз сақтаған сотталушы жазаға тартылды

12/07/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтаған сотталушы Б-ға қатысты сот үкімі шықты.

Іс құжаттарына сәйкес, Қызылорда қаласы, Махамбетов көшесінің бойынан азамат Б-ны полиция қызметкерлері тоқтатып, жеке басына тінту жүргізу барысында шалбарының беліне қыстырылған заңсыз сақтаудағы 38,43 грамм есірткі заты марихуана алынып, полиция қызметкерлерімен хаттама толтырылған.

Сотталушы жасаған қылмысын мойындап, шын ниетпен өкінетіндігін жеткізіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіргені үшін әкімішілік жауапқа тартылды

12/07/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Т-ға  қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 73 бабының 2 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Т. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде орналасқан үйіне келіп, әйелі Н-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін іс-әрекеттерді бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып сотқа жолдаған.