Архив событий

27/07/2017

Сексеуіл ағашын заңсыз кескені үшін жазасын алды

27/07/2017

Жаңақорған  аудандық сотымен сотталушы М. және А.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды.

Айыптау актісіне сәйкес, сотталушылар М. және А. 2017 жылдың наурыз айында  Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылының жанындағы мемлекеттік орман қорына кіретін 12,1 текше метр сексеуіл ағашын заңсыз кесіп, трактордың екі тіркемесіне тиеп алып, кетіп бара жатқан жерлерінде орман шаруашылығы мен полиция қызметкерлеріне ұсталған. Соның салдарынан мемлекетке 137 275 теңге мүліктік зиян келтірілген.

Қызылорда қаласының № 2 сотында брифинг өткізілді

27/07/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Т.Тілеп өз өндірісіндегі  қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотталушы Қ. бөтеннің мүлкін алдау жолымен жымқыру максатында жәбірленуші А-ға несиеге қомақты сомадағы ақшаны алып бере алатындығына сендіріп, 15 000 000 теңге алып беремін деп, ол үшін сыйақысы ретінде 1 500 000 теңгесін алдап алған.

Әйелінің мазасын алғаны үшін қамаққа алынды

27/07/2017

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша,  құқық бұзушы Е.  арақ ішкен мас күйінде әйелі З.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы іс-әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Е-нің әрекеті өзінің мойындау түсінігімен, жәбірленушінің жауабымен және істегі жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы

27/07/2017

Байқоңыр қалалық сотында «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға соттың кеңсе меңгерушісі мен бас мамандары қатысты.

Қатысушылар сот тәжірибесінде еңбек дауларын қарау және шешу кезінде заңнамалардың кейбір нормаларын бірыңғай қолдану мақсатында шығарылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N9 нормативтік қаулысын талқылады.