Қарама-қарсы бағытқа шығып автокөлікті басқарып, полиция қызметкерлерінің автокөлікті тоқтату туралы заң талаптарын орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабының 1 бөлігімен және 596 бабының 3 бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Т. өзінің басқаруындағы «Lexus» маркалы автокөлігін Қызылорда қаласы Астана даңғылы бойында жолдың жүру бөлігінің қарама-қарсы бағытында басқарып, оны анықтаған полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін Қызылорда ІІБ-ң ЖПҚ-мен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Сот, сот мәжілісінде оқиға бойынша түсінік берген куәларды тыңдап, іске тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасын, бейнетаспасын және басқа да құжаттарын зерттеп, құқық бұзушы Т-ны ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабының 1 бөлігімен және 596 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танып, ҚР ӘҚБтК-нің 58 бабының 2 бөлігіне сәйкес түпкілікті жаза 1 /бір/ жыл 2 /екі/ ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі