Архив событий

20/07/2017

Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

20/07/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611 бабының 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. «Toyota Windom» маркалы автокөлігін басқарып келе жатырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жол қозғалысы ережесінің 2.1.8 тармағын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Жаңақорған аудандық сотында брифинг өткізілді

20/07/2017

Жаңақорған аудандық сотында «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотталған Н., А. және И-дің қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Арал аудандық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

20/07/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жеке айыптау шағымы жаңа қабылданған қылмыстық заң бойынша қылмыс деп танылмағандықтан іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылды

20/07/2017

Сырдария аудандық сотында жеке айыптаушы Ш-ның өзінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені жөніндегі айыпталушы Н-ға қатысты жеке айыптау шағымы жаңа қабылданған қылмыстық заң бойынша қылмыс деп танылмағандықтан іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылды.

Көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

20/07/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігіне сай әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша, құқық бұзушы С. «МТЗ-82-1» трактор маркалы автокөлігін «Төретам» кентінің тұсында М-32 тас жолы бойында алкогольді масаң күйде басқарған.

Құқық бұзушы С-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасымен және  медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.