Жеке айыптау жөніндегі қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған сотталушы М-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша К. жеке айыптау тәртібімен азамат М-ны ҚР ҚК-нің 108 бабында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны үшін, яғни өзіне дене жарақатын салғаны үшін оны қылмыстық жауапқа тарту туралы сотқа арыз берген.

Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтің көмегімен «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес, сотталушы мен жәбірленушінің арасында татуластыру рәсімдері өткізіліп, нәтижесінде тараптар татуласып, қылмыстық жауаптылықтан босату жөнінде өтініштер білдірген.

Осының негізінде сотталушы М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі