Архив событий

17/07/2017

Қызылорда облысының ювеналдық сотының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Бала құқығы-асыл қазына» атты конференция өткізілді

17/07/2017

Бүгін «Достық үйінде» Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл толуына орай, «Бала құқығы-асыл қазына» атты конференция өткізілді.

Конференция жұмысына Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев, алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өкілдері, адвокаттар, Үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл төледі

17/07/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының  1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес азамат А. Жаңақорған кентінде орналасқан бильярд клубы ішінде кент тұрғыны азаматша Ж-ға  былапыт сөйлеп, балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. 

Сот отырысында азамат А-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен қатар іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Медиацияның көмегімен отбасын сақтап қалды

17/07/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы Т-ның жауапкер М-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды. Талап қоюшы талабында, жауапкермен заңды некеде тұратынын, ортақ некеден кәмелетке толмаған төрт балаларының барын, араларында өзара түсіністік пен бір-біріне деген сыйластықтың жоғалуына байланысты жауапкермен некелік қатынастың үзілгенін, татуласудың мүмкін еместігін, мүлікке қатысты даудың жоқ екенін, ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, осыған орай араларында тіркелген заңды некені татуласу мерзімін тағайындамай бұзуды сұраған.

Қылмыстық сот 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығын қорытындылады

17/07/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.  

2017 жылдың 6 айында 30 қылмыстық іс 54 адамға түсіп, 3 қылмыстық іс 3 адамға өткен есептік мерзімнен қалдықта болған (2016 жылдың 6 айында – 15 қылмыстық іс түсіп, 2 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған). 

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (C-R-4 санаты бойынша) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

17/07/2017

2017 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

17/07/2017

Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдулла Абдрахман Алиасқарұлы 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің өкілдерімен және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа төрағасының қатысуымен жедел кеңес өткізілді

17/07/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбеттің төрағалық етуімен сот судьялары мен қызметкерлерінің  арасында жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңесте облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет соттың 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындысымен танысты, қылмыстық заңнамаларға соңғы еңгізілген өзгерістерді атап өтті.

Қармақшы аудандық соты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

17/07/2017

Қармақшы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысумен 2017 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы  өтті.

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Л.Алибекова, аудандық сот судьясы  Е.Құтыбаев, қорғаушы Қ.Қуатов және «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі қатысты.