Қылмыстық сот 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.  

2017 жылдың 6 айында 30 қылмыстық іс 54 адамға түсіп, 3 қылмыстық іс 3 адамға өткен есептік мерзімнен қалдықта болған (2016 жылдың 6 айында – 15 қылмыстық іс түсіп, 2 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған). 

Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 15 іске көбейгені байқалады. Осы мерзімде 24 іс 39 адамға үкім қабылдау арқылы қаралған (2016 ж. – 16 іс 36  адамға).

Өткен жылдың тектес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 6 айында қаралған істердің көрсеткіші 9 іске көбейген. Есептік мерзімнің соңына 17 адамға қатысты 8 қылмыстық іс қалдыққа қалған (2016 ж. -1іс 3 адамға).

2017 жылдың 6 айында 39 адам сотталды (2016 ж. - 36 адам). Сотталған 39 адамның 37-не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды (94,8 пайыз), 2 адамға бас бостандығынан шектеу жаза қолданылды.

7 сотталушыға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу тағайындалды, 4 сотталушыға маскүнемдіктен емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды. 5 адамға педагогиқалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Есептік мерзім ішінде 2017 жылдың 6 айында алқабилердің қатысуымен 3 іс айыптау үкімі қабылдау арқылы қаралды.  (2016 ж. 6 айы – 1 іс).  1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолдану бойынша қаралды (2016 ж. 6 айы - 0), 

Көрсетілген мерзім ішінде істердің қаралу мерзімі бұзылмаған. 

Барлық істер (100 пайыз) дыбыс-бейне жазба қондырғысын пайдаланып қаралған.

Осы кезеңде қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда, адам өлтіру, зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері бойынша қылмыстық істер бойынша сот төрағасының міндетін атқарушы Сабыров Асхат Аббасұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі