Архив событий

31/07/2017

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

31/07/2017

Қазақстан Республикасы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарының 15 жылдығына арналған «Мамандандырылған экономикалық  соттар: қалыптасу тарихы және дамуы» атты ғылыми – практикалық конференциясы 2017 жылдың 2 тамыз күні сағат 11-00 де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында өткізіледі.

Көлік құралын алкоголді масаю күйінде басқарғаны үшін жауапкершілік

31/07/2017

Көліктегі құқық бұзушылық ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін және де тек жүргізушінің ғана емес, сондай-ақ, өзге де азаматтардың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп тудыратын едәуір қауіпті әрекет болып табылады.

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. полиция қызметкерлерімен құжаттарын тексеру үшін тоқтатылып, одан кейін медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілген.

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін сотталды

31/07/2017

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат М-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Шиелі кенті, Дәулеткерей көшесі бойында аудандық АІІБ-ның полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс шаралар жүргізу кезінде күдікті М. ұсталып, куәгерлердің қатысуымен жеке тінту барысында, оның шалбарының қалтасынан, салмағы 0,78 грамм есірткі зат –  кептірілген марихуана табылған.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

31/07/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Абдыкалыков, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Брифингте сотталушының қақпасын жәбірленуші ұрғандықтан, ол сыртқа шығып жәбірленушімен сөзге келіп, оны ұрып-соғып, жерге құлаған соң денесінің әр жерінен теуіп, оған дене, бас жарақаттарын салған. Қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына судья жауап берді.

Ювеналды сотында семинар сабағы өткізілді

31/07/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі А.Кайбалдиева мен кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі А.Кайбалдиева ашып, қатысушыларды семинар сабағының тақыптарымен таныстырып, сөз кезегін жетекші маман Л.Бакуға берді.

Жаңа заң нормалары қолданыста

31/07/2017

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар заңды қолданысқа енді.

Осыған орай, бұрынғы қолданыста болып келген әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен салыстырмалы түрде алғанда жаңа кодексте елеулі өзгерістер болған. Атап айтқанда, қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарын Конституцияның нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

31/07/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес Ж. 13 шілде 2017 жылы жергілікті уақыт 13:50 шамасында Жаңақорған ауданы, Шалхия кенті «Мелиоратор» ЖШС-нің ғимаратының ішінде жәбірленуші К.-ға былапыт сөздер айтып, балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.