Архив событий

10/07/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында алқа төрағасының қатысуымен жедел кеңес өткізілді

10/07/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шиғамбаевтың төрағалық етуімен судьялардың қатысумен жедел кеңес өткізілді.

Қылмыстық іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

10/07/2017

Қазалы аудандық сотымен Е-ге қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі  бойынша айыпталған қылмыстық іс қаралды.

Істің мән - жайы бойынша, азамат  Е.  бұзақылық ниетпен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды анық құрметтемеушілік білдіріп, азаматтарға күш қолдану арқылы, жәбірленуші Р-ны ұрып-соғып, оған жеңіл дәрежедегі  денсаулыққа зиян келтірген.

Сот, сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатты.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

10/07/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, cотталушы А-ның үстіне киген қара түсті былғары күртешесінің оң жақ қалтасында сарғыш түсті қағаз қиындысына оралып, сіріңке қорабына салынған салмағы 0,07 грамм есірткі заты, кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.

Қызылорда облыстық сотының судьясы Журналистер Одағының мүшесі атанды

10/07/2017

Қызылорда облыстық сотының судьясы Ахметов Молдабек Меңлібайұлы  Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі атанды.

Молдабек Ахметов судьялық қызметінде адал еңбегі, кәсібилігімен әріптестері арасында беделі бекем, халық арасында абыройы жоғары жан. Мемлекет жүктеген міндет пен халықтың талап-тілегін үйлестіре отырып жұмыс атқаратын ол заңнаманың серпінді өзгерістеріне ілесіп ғана қоймай, алдыңғы қатарда озық жүреді.

Адам өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

10/07/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы спирт ішімдігін ішіп келіп, өзімен бірге тұратын анасымен сөзге келіп, жанжалдасып, алкогольді еліту жағдайында оны ұрып-соғып, асхана пышағымен кеуде және іш тұсынан бірнеше рет пышақ салып, өлтірген.

Брифингте қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

10/07/2017

Қазалы  аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің  384-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М., азаматтың паспортын, жеке басының куәлігін немесе одан басқа да жеке басының  құжатын жымқыру мақсатында, жәбірленуші Е-нің үйінің ауласында тұрған «Лада – 210740» маркалы автокөлігінің ішінен  көлік құралының тіркеу куәлігін ұрлаған.