Ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жауапкерді ата-аналық құқығынан айырды.

Сотқа талапкер Қызылорда қалалық қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган талап арыз беріп, онда жауапкер К-ның Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмаған үш баласына қатысты ата-аналық құқығынан шектетілгенін, жауапкер осы уақытқа дейін алимент төлемей, балалармен қарым-қатынас  жасамағанын, оларды іздеп келмегенін, қазіргі таңда жауапкердің  баспанасы жоқ, материалдық жағдайы ауыр екенін, өзі ішкілікке салынғанын көрсетіп, соттан жауапкер К-ны кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-аналық құқығынан айыруды сұрады.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылып, жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі