Архив событий

13/07/2017

2017 жылдың 27 шілдесінде Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев облыс тұрғындарымен онлайн-конференциясын өткізеді

13/07/2017

2017 жылдың 27 шілдесінде сағат 09.00 ден 13.00-ге дейін Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев облыс тұрғындарымен Қызылорда облысы соттарының қызметін, сот төрелігінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн-конференциясын өткізеді.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа төрағасының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

13/07/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткізілген «дөңгелек үстелде» дәлелді себептерсіз сотқа келмеген азаматтарды күштеп әкелу (мәжбүрлеп жеткізу) туралы қаулыларды тиісті орындау, қадағалау барысы талқыланды.

9 жылға бас бостандығынан айырылды

13/07/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) 37 жастағы ер азаматқа қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Сотпен көлік салығы өндірілді

13/07/2017

Жаңақорған аудандық сотымен Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-нің борышкер А-дан көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасымен борышкерге салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама берілгенімен,  салық берешегі өтелмеген.

Сырдария аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

13/07/2017

Сырдария  аудандық сотында  «Мемлекеттік тіл - ел байлығы» тақырыбында семинар  сабағы  өткізілді.                                                               

Іс-шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Сүлейменова және кеңсе қызметкерлері қатысты.