Архив событий

26/07/2017

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

26/07/2017

Бүгін Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов пен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мира Қазбекова өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсіміне соттардың мұрағатқа жауапты қызметкерлері, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесті

26/07/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Қанатбек Абдуллаев және судья Қайратбек Бержанов ЮНИСЕФ-тің халықаралық кеңесшісі Керри Энн Матулис және «Сыр ұландары» қоғамдық бірлестігінің директоры Сауле Абильдаевамен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты- кәмелетке толмаған балаларға қатысты сот төрелігінің әділдігін нығайту және оларға жазаны тағайындау барысында туындайтын ерекшеліктерді талқылау.

Байқоңыр қалалық сотында қылмыстық іс бейнебайланыс арқылы қаралды

26/07/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191- бабының 1-бөлігімен сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды. М.-ға бөтеннің мүлкін ашық жымқырып, тонаған деген айып тағылған.

Бұдан бұрын сотталушы М. 11 тамыз 2016 жылғы Байқоңыр қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-ның 192-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (С-О-5, C-R-4 санаты бойынша) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

26/07/2017

2017 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Қызылорда қалалық сотында қызметтік этиканы талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті

26/07/2017

Қызылорда қалалық сотында «Азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметін жүзеге асыруда қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Қызылорда қалық сотының кеңсе меңгеушісі және сот отырысының хатшылары, сот кеңсесінің қызметкерлері, сот приставтары  қатысты.

Жалағаш аудандық сотында брифинг өтті

26/07/2017

Жалағаш аудандық сотында «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Н.Сауяевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың төрағасы А.Мизанбаев ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін ҚР жаңа ӘҚБтК-мен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат беріп, ол бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, өткен 2016 жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда, үстіміздегі жылдың алты айлығында қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны азайғанын айтты.

Автокөлікті алкогольдік мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/07/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат С-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы С. өзінің басқаруындағы автокөлікті Қызылорда қаласы Бегим ана көшесімен ҚР жол жүрісі Қағидаларының 2.4.2 тармағының талаптарын бұзып, алкогольдік мас күйінде басқарған үшін Қызылорда ІІБ-ң ЖПҚ-мен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

26/07/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда, сотталушы Б., Байқоңыр қаласы Мира көшесінде орналасқан пәтерде бөтенннің мүлкін ұрлау мақсатында, басқа адамдардың көрмей тұрғанын пайдаланып, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында, камодта тұрған қол сумкесінен соммасы 32760 теңге ақша қаражатын жасырын жымқырған, жәбірленуші П-ға 32760 теңге залал келтірген.

Автокөлікті алкогольді масаң күйде көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра басқарған

26/07/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А-ке қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабының 6 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы А. өзінің басқаруындағы автокөлікті көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тура, ҚР жол жүрісі Қағидаларының 2.4.2 тармағының талаптарын бұзып, Қызылорда қаласы Астана даңғылы бойымен алкогольді масаң күйде басқарғаны үшін Қызылорда ІІБ-ң ЖПҚ-мен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.