Архив событий

18/07/2017

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

18/07/2017

Қызылорда қалалық сотында Қызылорда облысы бойынша судьяларының әдебі жөніндегі комиссия төрағасы А.Әбудің, комиссия мүшесі судья А.Сайдуллаевтың, сондай-ақ, сот төрағасы М.Еркінбековтің, судьялардың қатысуымен жедел кеңес өтті.

Жедел кеңесте әдеп жөніндегі комиссия төрағасы А.Әбу судьяның жақсы жұмысының көрсеткіші арыздың аз түскені емес, оның мүлде болмағанынан байқалады деді.

Қазалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

18/07/2017

2017 жылдың 21 шілдесінде сағат 10:00 мен 12:00 аралығында Қазалы аудандық  сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

Қосымша ақпараттар алу үшін (8724-38) 22-7-72 телефон номеріне хабарласуға болады. Біздің мекен-жайымыз: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,  Жанқожа көшесі 96-үй.

Бұрынғы жер қатынастары бөлімінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

18/07/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында алаяқтық жасаған бұрынғы жер қатынастары бөлімінің бас маманы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, сотталушы К. танысы С-мен кездесіп, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқық бұзушылық жасау ниетімен, әңгіме барысында саяжайдан жер учаскесін алып бере алатынын айтып, ол үшін «сыйақысы ретінде 300 000 тенге берсең болды» деп, соңғының ақшасын алдап алып, жәбірленушіге мүліктік шығын келтірген.

Сот қызметкерлері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» талқылады

18/07/2017

Шиелі аудандық соты қызметкерлерінің арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» талаптары  бойынша семинар өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі Ә.Жақсылықов және сот қызметкерлері  қатысты.

Кеңсе менгерушісі Ә.Жақсылықов мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Көлік құралын алкагольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

18/07/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша азамат А. «ЗиЛ»» маркалы автокөлігін Жаңақорған кенті, Түгіскен-Жаңарық аралық тас жолының бойында алкагольді масаң күйде басқарған, яғни Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. 

«Ашық есік күні» өтті

18/07/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өтті. Қабылдауды сот төрағасы М.Ш.Ибрашев жүргізді.

«Ашық есік күніне» Қызылорда қаласының жастарымен жұмыс Ресурстық орталығында қызмет атқаратын жастар қатысты.

Сот төрағасы «Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетін арттыру, халықтың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіліп отыратындығын атап өтті.

Қызылорда қаласының №2 сотында кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

18/07/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында өткен семинарда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 3 шілдедегі Заңы талқыланды.

Іс-шараға облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет, Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы мен судьялары қатысты.

Сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді

18/07/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі А.Кайбалдиева бастап, күн тәртібіне тоқталып өтті.

Шара барысында психиолог-инспектор Ж.Әбдраманова хат-хабарларды қабылдау, өндеу, тіркеу және бөлу, шығыс хат-хабарларды тіркеу және есепке алу тәртібі туралы баяндады.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

18/07/2017

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. өз үйінде жанжал шығарып, заңды некедегі әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді

18/07/2017

Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді. Брифинг аудандық сот төрағасы А.Абдулланың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Сот төрағасы А.Абдулла өз өндірісінде қаралған қылмыстық ісі жөнінде баяндады.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

18/07/2017

Байқоңыр қалалық соты құқық бұзушы С-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘКБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік іс қаралды.

Қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелер талқыланды

18/07/2017

Қазалы аудандық сотында «Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы және ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылгы 5 мамырдағы бірлескен бұйрығымен бекітілген «Келушiлер ушiн өткiзу және объектiшiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары»  талқыланды.

Көлік құралдарын басқару құқығынан 1 жылға айырылды

18/07/2017

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 596-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ұсақ бұзақылықты жыл көлемінде қайталап, әкімшілік қамаққа алынды

18/07/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат С-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен жинақталған әкімшілік ісі қаралды.

Азамат С. төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн қоғамдық тәртіпті бұзып, тартқан шылымының қалдығын жерге тастап, аталған әрекетті бір жыл көлемінде қайталап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен азамат С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

18/07/2017

2017 жылы шілде айының 20 жұлдызында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.