Архив событий

14/07/2017

Жалған мемлекеттік белгісін тағып, көлік құралын басқарған

14/07/2017

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. Арал қаласы, Жетес би көшесі бойында «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. 

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Жалағаш аудандық сотында брифинг өтті

14/07/2017

Жалағаш аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке прокуратура, мемлекеттік органдарының өкілдері және сот ұжымы қатысты. 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

14/07/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын талқылау мақсатында семинар өткізілді.

 Іс-шараға судьялар мен сот мамандары қатысты.

Қызылорда облыстық соты және адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

14/07/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев пен Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Серікбай Шеңгелбай өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Екі жақты Меморандум судьялар мен адвокаттардың қатысуымен бекітілді.

Аудандық сотта пилоттық жоба іске асырылуда

14/07/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба Шиелі аудандық сотында жүзеге асырылуда.

Қазалы аудандық соты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысты қорытындылады

14/07/2017

Қазалы аудандық сотының төрағасы Қ.Темірбаев 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясына жергілікті «Қазалы» және «Тұран Қазалы» газеттерінің өкілдері және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

 

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/07/2017

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы У. өз үйінде жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

14/07/2017

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 188-бабының 2-бөлігінің 3 тармағымен айыпталған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат К. бөтеннің мүлкін тұрғын үй жайға заңсыз кіру арқылы жасырын ұрлау мақсатында, ішімдік ішкен мас күйінде тұрғын үйге кіріп, үйдің терезесіне түскен автокөлік жарығын байқап, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмыстық әрекетін ақырына дейін жеткізе алмаған.

Автобустар аялдамасын ластағаны үшін айыппұл салынды

14/07/2017

Байқоңыр қалалық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Азамат А. Қызылорда қаласында, автобустар аялдамасы жанында төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен көзделген қоғамдық тәртіпті бұзып, тартқан шылымының қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.