Архив событий

04/07/2017

Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

04/07/2017

Қазалы аудандық сотында «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапкер Б-дан 22372 теңге өндіру туралы талап арызы  оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен  қаралды.                                     

Сот актісін орындамағаны үшін сот әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

04/07/2017

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Арал аудандық сотының атқару парағына сәйкес, азамат К. мемлекет пайдасына 601 900 теңге төлеуге міндеттенген. Борышкерге сот орындаушысымен бірнеше мәрте атқару парағын орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған.

3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

04/07/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы азаматша А-ға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы А. Тереңөзек кенті, Тоқтыбаев көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Құқық бұзушының мас күйін медициналық тұрғыда куәландыру актісіне сәйкес, оның құқық бұзушылық жасаған сәтте алкогольдік масаң күйде  болғандығы  анықталған.

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

04/07/2017

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат  Б. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаю күйінде автокөлігін Қармақшы ауданы, Алдашбай ахун ауылы, Шәймерденов көшесі бойында басқарған.

Сот қаулысымен азамат Б-ға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу  түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.