Сырдария аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария  аудандық сотында  «Мемлекеттік тіл - ел байлығы» тақырыбында семинар  сабағы  өткізілді.                                                               

Іс-шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Сүлейменова және кеңсе қызметкерлері қатысты.                                     

Кеңсе меңгеруші Р.Сүлейменова өз баяндамасында мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылатындығын және соттың кіріс, шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде жүргізілетінін, келіп түскен қылмыстық және азаматтық, әкімшілік істердің басым бөлігі мемлекеттік тілде қаралатындығы жайлы айтып өтті. 

Іс-шара соңында кеңсе меңгеруші статистикалық мәліметтерге тоқталып, 2017 жылдың 6 айында соттың өндірісіне жалпы 2866 кіріс құжаттары түсіп, оның ішінде қазақ тілінде 2755 құжат тіркелгенін (96,1%). Шығыс құжаттарының жалпы саны 2800 түсіп, оның ішінде барлығы қазақ тілінде болғанын (100 %) айтып өтті.                 

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан