Архив событий

01/07/2017

Арал аудандық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

01/07/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, медиаторлардың және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен, «Нотариустің татуластыру рәсімдерін жүргізуге құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасы Е.Тұрбаев шараны ашып, қатысушыларға бұл кездесудің басты мақсаты БАҚ-пен және ҮЕҰ-мен өзара байланысты нығайту және сот әділдігін жүзеге асыру жүйесінде жүргізіліп жатырған жаңалықтармен көпшілікпен бөлісу болып табылатындығын айтты.

Алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

01/07/2017

Арал аудандық орталық ауруханасы азамат Н-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызбен сотқа жүгінген. Өткізілген сараптама қорытындысы, оның кәнігі маскүнем екендігін және оның алкоголизмнен еріксіз емдеуді қажет ететіні жайлы қорытындыға келген.

Ортақ пайдалану орнын ластаған құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды

01/07/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Н., алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде, темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластаған.  Сотпен Н-ның бұл құқық бұзушылықты бір жыл ішінде  екінші рет жасап отырғаны анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы Н., өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтып әкімшілік жазаның жеңіл түрін тағайындауын өтінді.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (01.07.2017 ж.)

01/07/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат:

 1. Сырдария аудандық сотының  кеңсе  меңгерушісі (С-R-1 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

     1. Сүлейменова Роза  Есенбекқызы;

 

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар-кеңес өткізілді

01/07/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кеңсе меңгеруші А.Аблаева мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

01/07/2017

Арыз беруші «Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «С» жеке кәсіпкеріне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

Жеке кәсіпкердің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 18.05.2017 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 1 240 796 теңге, оның ішінде бересі – 784 485 теңге, өсімпұл – 456321 теңгені құраған.