Адам өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы спирт ішімдігін ішіп келіп, өзімен бірге тұратын анасымен сөзге келіп, жанжалдасып, алкогольді еліту жағдайында оны ұрып-соғып, асхана пышағымен кеуде және іш тұсынан бірнеше рет пышақ салып, өлтірген.

Брифингте қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен сотталушыға 10  жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі