Қызылорда облысының ювеналдық сотының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Бала құқығы-асыл қазына» атты конференция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін «Достық үйінде» Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл толуына орай, «Бала құқығы-асыл қазына» атты конференция өткізілді.

Конференция жұмысына Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев, алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өкілдері, адвокаттар, Үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев өз сөзінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының құрылуы қылмыс жасаған жасөсірпірімдердің одан әрі қылмысқа баруына жол бермей,  қоғамнан оқшауламай, керісінше оның әлеуметтік қалыптасуына көмектесу-деді.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Абдуллаев өткен бес жыл ішіндегі ювеналды сот қызметінің нәтижелерін қорытындылап, қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, одан әрі балалар мүддесі үшін жұмысты жетілдірудің жолдарын баяндады.

Сонымен қатар конференция барысында Қызылорда қалалық № 2 сотының төрағасы Әбу Айбек, «Сыр ұландары» қоғамдық бірлестігінің директоры Сауле Абилдаева, «Қызылорда қаласының ІІБ ЖПҚ-ның бастығы, полиция капитаны Алмас Сыздықов, Қызылорда облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатының педагогы Гүлсім Махмутова сөз сөйледі.

Баяндамашылар  Қазақстандық ювеналдық сот төрелігіне халықаралық құқық нормаларының әсері, облыстағы кәмелет жасқа толмағандарға қатысты сот төрелігінің қалыптасуы, бала құқығы мен оған жасалатын қамқорлық аясында пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Сыр ұландары» қоғамдық бірлестігінің директоры Сауле Абилдаева халықаралық стандарттарға сәйкес балаларға арналған әділ сот жүйесін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен енгізу жайлы айтып өтті.

Конференция барысында аталмыш соттың 5 жыл толуына арналған соттың тыныс-тіршілігі және «Сыр ұландары» қоғамдық бірлестігі әзірлеген бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара соңында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алғашқы төрағасы Айбек Әбу мен алғашқы судьясы Нұрлыбек Қосановқа ұжым қызметкерлері атынан арнайы құрмет сыйлықтары табыс етілді.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі