Қармақшы аудандық соты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысумен 2017 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы  өтті.

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Л.Алибекова, аудандық сот судьясы  Е.Құтыбаев, қорғаушы Қ.Қуатов және «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі қатысты.

Өз сөзінде сот төрағасының міндетін атқарушы Л.Алибекова 2017 жылдың 6 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті. Ол Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2017 жылдың 6 айында барлығы 64 адамға қатысты 46 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 23 қылмыстық іс бойынша 26 адамға үкім шығарылғанын, 20 қылмыстық іс бойынша 20 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 11 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.

Есепті мерзімде аудандық сотта 362 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 41 арыз бойынша сот бұйрығы, 255 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 27 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 4 медиация тәртібімен, 28 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 136 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.

Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі бойынша сот өндірісіне 373  талап арыз, яғни сотқа түскен арыздардың 100 % келіп түскенін атап өтті. 

Аудандық сотта 2017 жылдың 6 айында барлығы 226 тұлғаға қатысты 226 әкімшілік іс қаралып аяқталған, оның 23 қысқартылып, 203 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 7 іс медиация тәртібімен қысқартылғын.

Есепті мерзімде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралғанына тоқталды.

Шара соңында сот төрағасының міндетін атқарушы  БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі