Қызылорда облыстық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары шығарылды.

Іс-шараға облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев, облыстық соттың алқа төрағалары, облыстық,  аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, соттар әкімшісі басшылығы қатысты.

Кеңес жұмысын облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев ашты. Ол облыс соттары жұмыстарының қорытындысымен таныстырды.

Мұнан соң қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы алқа төрағалары Бақытжан Қалымбет пен Әділхади Шығамбаевтың есептері тыңдалды. Олар бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың сот төрелігін жүзеге асырудың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы мәлімдеді.

Отырыста баяндалған статистикаға сәйкес, облыс соттарының өндірісіне 16560 талап арыз, 241 іс түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 33,6%-ға  ұлғайып отыр. 2017 жылғы бірінші жартыжылдығында облыстық соттың апелляциялық сот алқасы апелляциялық тәртіпте  594 істі қараған.

Есепті кезеңде облыстың бірінші сатылы соттарына  64 қылмыстық іс өткен жылдан қалдыққа қалған, 970 қылмыстық іс түсіп, 870 қылмыстық іс 1114 адам бойынша аяқталған.

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 132 істі қараса, 2016 жылдың 6 айында 111 істі қараған. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 21 іске көбейген.

Қызылорда облысы соттарында есепті кезеңде медиация тәртібін қолдану арқылы 252 іс, 175 қылмыстық және 142 әкімшілік қаралған.  Партисипативтік рәсім тәртібімен -5 іс, татуласу келісімен 36 іс  аяқталған.

Кеңес шеңберінде Судья әдебі жөніндегі комиссияның атқарған жұмысы туралы Комиссия төрағасы Әбу Айбек, Оқу орталығының жұмысы бойынша үйлестіруші-судья Гүлсім Таңатова баяндады.  Сот имиджін көтеру, құқықтық насихаттау және БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіруші-судья Артур Наримов айтып берді. Іс-шара барысында соттардың есептік кезеңде жіберген кемшіліктері талқыланып, шешу жолдары бойынша ұсынымдар келтірілді.

Кеңейтілген кеңес қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, судьялар мен сот мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмалар айқындалды.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі